«Айбын»: «Спасск» палигонында 43 команда бақ сынайды

«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны дәстүрлі түрде әр жазда Қарағанды облысында өтеді. Дәстүрлі сарбаздар сайысы елімізде тоғызыншы мәрте өткізіліп отыр. Биылғы додаға Өзбекстан мен Әзірбайжан елдерінің жас сарбаздары қатысып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жиынның ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары Сергей Ершов, Болат Керімбек, Әлішер Сатыбалдиев, Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Әзербайжан мен Өзбекстан елдерінен келген шетелдік қонақтар, Қарулы күштердің ардагерлері, еліміздің әскери-патриоттық клубтары мен оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысты.

Жиынның ресми ашылу салтанатында қатысушылар мен қонақтар үшін танктер, тікұшақтар мен авиация ұшқыштары «заңсыз қарулы құрылымды» жоюдағы іс-әрекеттерін көрсетті. Бұл қуатты армияның қауқарлығын жас сарбаздарға паш ету.

«Спасск» палигонында бір апта бойы 600-ге жуық оқушыдан тұратын 43 команда бақ сынайды.   Жиынға әскери-патриоттық клубтар, әскери мектеп интернаттардың оқушылары қатысты. Олар зияткерлік ойынынан, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауынан, «Smart Sarbaz» сайысынан, Калашников автоматын шашып жинаудан, арқан атудан және түрлі физикалық жаттығуларды орындаудан сынға түседі.

«Биылғы «Айбын-2023» әскери-патриоттық байқауының ерекшелігі – халықаралық іс-шара мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ биыл цифрлық технологияларға баса назар аударылатынын атап өткен жөн. Сол сайыстар қызу өтіп жатыр. Робототехника бар, ұшқышсыз ұшатын апараттар бар. Зымыран ұшыру бар», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие жән идеология жөніндегі департамент бастығы Тілеухан Басқожаев.

«Smart Sarbaz» өнертапқыштар сайысы биыл конкурстар тізіміне жаңадан енгізіліп отыр. Бұл сайыс барысында жас бағдарламашылар IT-әзірлемелері мен техникалық шешімдерін ұсынады.

«Smart Sarbaz» сайысы бойынша 40 команда қатысты. Ең үздік команда Абай облысынан «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы болды. Олар арнайы робот жасаған. Туынды белгілі бір нысанға кіріп, бүкіл электронды құрылғыларды өшіруге қауқары бар. Кеше біз сол құрылғыны тексердік. Яғни құлаққап, телефон болсын барлығын 10-20 метр диаметрде істен шығара алды», - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі, «Айбын-2023» жиынында «Smart Sarbaz» конкурсының кураторы Асылбек Мырзахметов.

Байқауға қатысушылар жасына қарамастан әскери дағдыларды меңгерген. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарысып, біліктіліктерін көрсетуде. Жиынның жас қатысушылары үшін әскери техника көрмесі, фильмдер көрсетілімі, мұражайдың көшпелі экспозициясы ұйымдастырылған. Бір команда құрамында 10 ер бала, 5 қыз бала болады. Жазғы лагерде ер балалар арнайы палаткаларды паналаса, қыздар казармада тұрады.  «Спасск» оқу орталығында асхана, медпунк, жуыну бөлмесі бар. Қатысушыларға барлық жағдай жасалған.   

«Бұл сайысқа екінші жыл келіп тұрмын. Осы жолы «Айбынға» келгендегі мақсатым – жеңіске жету. Бұл жолы мен «Smart Sarbaz» сайысы бойынша қатыстым. Алып келген жобамның аты – «Time 74». Бұл автоматты шашу барысында жиналатын парта күйінде есептеледі. Яғни батырманы басу арқылы секундомер жүреді. Осы арқылы бірнеше адамның жұмысын қысқартып жаңа жоба алып келеді. «Айбын» сайысының басты ерекшелігі – мұндағы жастардың барлығы шынайы. Әскери өмірдің, әскери тәртіптің не екенін түсіне аламыз. Осы сайыстың арқасында біраз нәрсеге көзім жетті. Болашақ мамандығымды таңдауыма да септігін тигізді», - деді Маңғыстау облысы «Қайсар» командасының мүшесі Аружан Бекқали.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылар «Айбын – достық мекені» саябағына ағаш отырғызды. «Айбын» халықаралық жиыны аясында «Бірлік ордасы» көрмесі ұйымдастырылды. Онда Қазақстанның, Әзербайжанның және Өзбекстанның жас патриоттары өз халықтарының мәдени жетістіктерін, үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды.

Ұлас Үсенбай

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22