ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері Азия ойындарында қанша медаль олжалады

Армия спортшыларына құрмет көрсетілді

Қорғаныс ведомствосында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Азия ойындарында сәтті өнер көрсеткен армия спортшыларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің 11 өкілі – екі алтын, екі күміс және 7 қола медаль олжалады.

«Ел жетістігіне қосқан қомақты үлестерің үшін алғыс айтамын. Бұл жеңістерде Сендердің және тәлімгерлеріңнің орасан зор еңбегі, қажымас қайраттың, мықты рухтың және шынайы патриотизмнің күш-жігері жатыр. Отанымыз – Қазақстан Республикасы атынан әлі де талай беделді сында ел абыройын қорғап, жаңа рекордтар орнатасыңдар деп сенемін», – деді спорт шеберлеріне арнаған сөзінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Азия ойындарында Орталық спорт клубының әскери қызметшісі Әсем Орынбай стендтік ату жарысында «алтын», командалық МІХ жаттығуында – «алтын» және жеке есепте «қола» еншіледі.

Күміс жүлделер әскер спортшылары ішінде – грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықовқа және әйелдер күресінен Жәмила Бақбергеноваға бұйырды.

Пневматикалық мылтықтан атудан Ислам Сәтбаев, таэквондодан Жансель Дениз, ушу-саньдадан Аян Тұрсын, дзюдодан Абылайхан Жұбаназар, грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет және байдарка және каноэ есу жарыстарында Кирилл Тубаев қола медальдармен марапатталды.

Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Қорғаныс министрінің атынан грамоталармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.  Спортта жеткен жоғары жетістіктері үшін армия спортшысы Әсем Орынбайға «Ел қорғаны» ведомстволық медалі табыс етілді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19