Қазақстан Азия ойындарын 80 медальмен аяқтады

Админ

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасты.

Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.

Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:

1.Қытай - 383 (201-111-71)

2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)

3. Жапония - 188 (52-67-69)

4. Үндістан - 107 (28-38-41)

5. Қазақстан - 80 (10-22-48)

6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)

7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)

8. Таиланд - 58 (12-14-32)

Айта кетейік, жарыстың соңғы күні отандастарымыз екі медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында каратэден Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта екінші орынды иеленді. Ол финалда тайпейлік Шуанг Гудан жеңіліп қалды.  

Ал әртістік жүзуден командалық бәсекеде әйелдер құрамасы 3-орынға табан тіреді. Олар 663,7417 ұпай жинады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19