ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

«Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы дегенде, ойыма өзімнің алғашқы әскерге келген кездерім оралады.

Админ

Батальон командирінің (тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) орынбасары майор Ж.Балабек тәрбие жұмысы уақытында «Сарбаз» газеті немесе «Айбын» журналын алып, ондағы ақпаратты бізге жеткізуден тынбайтын. Біз бала болып, ол ақпаратты бірде ұйып тыңдап, енді бірде тыңдаған кейіп танытып, үйді сағынып ой жетегінде отыратынбыз. Уақыт өте келе, «аюға намаз үйреткен – таяқ» дегендей, ол іске етіміз үйреніп кетті. Осылайша бір жыл әскери қызметімнің қалай өте шыққанын байқамай қалыппын. Сонымен соңғы сәтте командирлерімнің айтқаны бар, ойыма тоқығаным бар, өз өмірімді әскери қызметпен ары қарай байланыстыруға белді мықтап байладым.

Әскери қызметке орналасқан сәттен бастап өзім үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылғанына сенімді болдым. Себебі әскери қызметтегі достық пен жолдастық өзге ортамен салыстыруға келмейді. Әскери қызметке дейін құрылыс, сауда, бақташы т.б. салада еңбек етіп үлгерген себепті, салыстырмалы түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы еңбегімді мәртебелі әрі құрметті деп білемін. Қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы, бүгінде жан жарым Арайлым Насырова Әуезханқызымен отау құрып, шаңырақ көтердім. Құдайға шүкіршілік етемін. Осындай берекелі іске себепші болған «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы ұжымына айтар алғысым шексіз. Сәт сайын, басылымдарды отбасымызбен отырып, үстел басында үзбей оқимыз. Бұл біздің жас отбасымыз үшін кішігірім отбасылық дәстүрге айналып үлгерді.

Құрметті халқым, баршаңызды менің басымнан өткен осындай кішігірім оқиғаларға себепші болған басылымдарға, атап айтқанда, «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналына 2026 жылы жазылуға шақырамын.

 

Ефрейтор Нұрислам ИСМАЙЫЛ,

ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Бүгін, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Бүгін, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

Кеше, 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30