Бала күнімде «Ата, газет келді!» деп атамның алдынан жүгіріп шығып, келген газеттерді қолына ұстататынмын. Ол кісі болса, бар назарды соған аударып, ыждағаттылықпен оқығанда еріксіз қайран қалатын едім.
Сөйтсем, газет оқу арқылы адам ақпаратқа қанық болады екен, оқу арқылы адамның ой-өрісі дамып, есте сақтау қабілеті жоғарылап, шапшаң ойлауға мүмкіндік беретін болып шықты. Содан бастап қолым босай қалғанда басылым беттерін үзбей оқуды әдетке айналдырдым.
Оқырман ретінде сәт сайын «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының келесі шығарылымдарын асыға күтемін. Атамның тәрбиесін алған мен үшін бала күнімдегі атамның газет оқып отырған кейпін еске аламын. Балалық шағымның жарқын естеліктерін есіме түсіре отырып, атамның маған айтқан сын-ескертпелері, ақыл-кеңестері ойыма еріксіз оралады. Өзімнен кіші оқырмандарды әрдайым басылым беттерін оқуға, жеке өзіңіздің тұлға болып қалыптасу үшін жұмыс жасауға үндеймін. Себебі, «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген атамның айтқан сөзін үнемі жанымда ұстаймын.
Барша әскери қызметшілерді, және өзге салада еңбек етіп жүрген еңбек адамдарын 2026 жылы «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналына жазылуға үгіттей отырып, қызықты әрі танымдық ақпараттарға толы айдарларын үзбей оқуға, «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының тұрақты оқырманы болуға шақырамын.
Аға лейтенант Куаныш РАФИСОВ
ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері