Қарулы күштердің 2025 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды

Астанада Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Админ

Алқа отырысына Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен бөлімдердің командирлері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары қатысты.

Жиынды ашқан Қорғаныс министрі жыл қорытындысы Жоғарғы Бас қолбасшы қойған тапсырмаларды ескере отырып жасалатынын атап өтті. Алдағы кезеңнің басым бағыттары ретінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқару сапасы, қару-жарақтың жағдайы және адами капитал секілді үш негізгі бағытты айқындады.

– Басқарудың тиімділігін арттыру үшін әскерлерді заманауи байланыс құралдарымен, әсіресе тактикалық деңгейде қамтамасыз ету қажет. Бұл бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақтылығын және шешім қабылдау жеделдігін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жағдайы, сондай-ақ жалпы қызметтік іс-қимылдың нәтижелері туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов баяндады. Қамтылған бағыттар бойынша министрдің орынбасарлары әскери тәртіп, техникалық және тылдық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қарулы күштердің цифрлық трансформациясы мәселелерін қозғады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлерді қолданудың заманауи нысандары мен тәсілдерін енгізуді тапсырды. 2026 жылға арналған міндеттердің қатарында – қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қатысуын кеңейту, байланыс, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз авиациялық кешендерді дамыту бар. Цифрландыру саласында Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын, автономды басқару жүйелерін енгізу және ұлттық қауіпсіздіктің киберқұрамдасын күшейту қажеттігін атап өтті.

Алқа жұмысының соңында 2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік жарыстың жеңімпаздары марапатталды.

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30