Бар жақсылық – балаларға

Теміртау қаласындағы №8 арнайы мектеп-интернатының оқушылары 44803 әскери бөліміне қарасты зениттік-зымыран дивизионын аралап көрді.

Админ

Экскурсия қала мектептері мен оқу орындарының оқушыларына арналған Ашық есік күні аясында өтті және әскери қызметшілер тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

  50-ден астам 7–8 сынып оқушылары әскерде қызметтің қалай өтетінін, әскери техника мен сарбаздардың тұрмысын өз көздерімен көріп, танысу мүмкіндігіне ие болды. Мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын ЗУ-23-2 зениттік қару орнатуы тудырды. Әскери қызметшілердің жетекшілігімен балалар оны көруге мүмкіндік алды. Экскурсия барысында оқушылар казармаға кіріп, каска, бронежилет пен газ маскасын киіп көрді, қару-жарақ пен жабдықтың қалай сақталатынын және қызмет көрсетілетінін білді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары спорт залында сарбаздардың жаттығуын көріп, әскери қызметшілер өз қолдарымен жасаған диорамаларды тамашалады.

   - Біз мұндай экскурсияларды үнемі өткізуге тырысамыз. Бұл оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, әскери қызметке құрметпен қарауға тәрбиелейді және патриоттық сезімін қалыптастырады, — деді 44803 әскери бөлімінің әскери қызметкері, кіші сержант - Нұрдаулет Құлан.

  Экскурсия оқушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен есте қаларлық әсерлер қалдырды. Көптеген оқушылар үшін бұл әскер өмірімен алғаш танысу болды, ал кейбіреулері болашақта өз өмірін Отанға қызмет етуге арнауды мақсат етті.

   - Мұнда өте қызықты болды, көп жаңа нәрсе білдік. Ең қатты ұнағаны – зениттік орнатуды өзіміз қолдана алуымыз және нақты қарумен танысуымыз, — деп, өз ойымен бөлісті мектеп оқушысы - Михаил Бобышев.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

Бүгін, 10:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

Бүгін, 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17