«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектебінде Жетісу облысының оқушылары арасында «Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны өтті.

Админ

Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мен әскери дағдыларды жетілдіруге бағытталды.

Жарысқа облыстың әр өңірінен келген 9 команда құрамында 81 оқушы қатысты. Қатысушылар өздерінің физикалық дайындығы мен тәртіпке бағыну қабілеттерін көрсетіп, топтық рух пен патриоттық сезімді ұштастырды. Әсіресе, командалық бірлік пен шапшаңдық шешуші рөл атқарды.

 Сайыс бағдарламасына қаруды уақытқа шашып-жинау, саптық дайындық, белтемірге тартылу (ұлдар арасында) және денені жартылай көтеріп-түсіру (қыздар арасында) сияқты кезеңдер енгізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша: бірінші орынды Талдықорған қаласының командасы, екінші орынды Көксу ауданының командасы, ал үшінші орынды Текелі қаласының командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командалар келесі жылы өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

- Жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Мұндай жарыстар олардың бойына жауапкершілік пен тәртіпті сіңіреді, – дейді жарыс ұйымдастырушылары.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл – болашақ сарбаздардың алғашқы қадамы.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Кеше, 21:20
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31