Аға лейтенант Ажар ИСКАКОВА: БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «...Адамға көз, құлақ, тіл қаншалықты ке­рек болса, халыққа да газет соншалықты керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деп түйіндейді.

Админ

Осыдан-ақ қо­ғамның тыныс-тіршілігінде мерзімді басылымның алатын орны ерекше екенін ұғынуға болады.

Біздің салада қорғанысымызды күйттеп, қуатымызды арттырып, тыныс-тіршілігімізді көрсетіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары бар. Ол, әрине, «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы. Төл армиямызбен бірге жасап келе жатқан бұл басылымдар талайларды дәріптеді, талай жаңалықты хабардар етті, талай дүниені ұсынды. Кешегі даңқты қолбасшылары, бүгінгі батырларды, қазіргі күнгі үздіктерді дәріптей отыра, жас сарбаздардың үлгі алуына мұрындық болып жүр. Бір сөзбен айтқанда, әскери өмірдің айнасы. Әскерді білгің келсе, осы басылымды оқы. Әскери болғың келсе, осы баспасөзден тоқы. Ал, әскери болып, өзіңді танытқың келсе, ортада үздік бол. Өйткені, «Сарбаз» газеті – үздіктерді ең алғаш боп жариялайтын ақпарат құралы. Әркім өз жетістігін көріп, бір марқайып қалады. Кейін ол тарих боп қатталып қалады. Сондықтан, Қарулы Күштеріміздің жаршысы болып жүрген «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы редакциясының ұжымын барынша қолдап, баспасөзге жазылуға бір кісідей жұмылайық.

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Бүгін, 10:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

Кеше, 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31