Табиғатқа құрмет тазалықтан басталады

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері қоршаған ортаны қорғауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік өткізді.

Админ

Теңізшілер аумақты тазалап, тұрмыстық қоқысты жинады, өсімдіктерден қалған қалдықтарды шығарып, бекітілген аймақты ретке келтірді. Мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштері арасында дәстүрге айналған.

 «Тазалық әр адамнан басталуы керек. Біз мұндай игі істермен өз балаларымызға, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болуымыз қажет», деді сенбілікке қатысушы, 3 дәрежелі капитан Ермек Газизов.

Президент тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік тәртіп пен жауапкершілікті ұстанатын әскери қызметшілер бұл бастаманы белсенді түрде қолдайды.

«Мұндай іс-шараларға қатысу біз үшін тек міндет емес, бұл азаматтық ұстанымымыздың көрінісі. Біз Отанға тек қарумен ғана емес, өз үлгі-өнегемізбен де қызмет етеміз»,  деп атап өтті 3 дәрежелі капитан Фархат Игисинов.

Экологиялық акциялар ұжымдық рухты нығайтып, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді және патриоттық тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады. Әрбір азамат «таза ел балаларымыздың жарқын болашағы» екенін терең түсінуі керек.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30