Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

2025 оқу жылының қорытынды тексерісі барысында жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамымен бірге есірткі қылмыстарының алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында арнайы сабақтар өткізілді.

Админ

   - «Заң және тәртіп» атты ведомствоаралық бағдарламаның талаптарына сай біз кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бұл – аса маңызды бағыт. Себебі тәртіп пен заңдылық – кез келген әскери құрылымның тұрақтылығының негізі, – деп атап өтті - Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының профилактика бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі - Бейбітхан Асылханов.

  Іс-шара барысында кинолог қызметтік итімен бірге жеке құрамды тексеріп, тыйым салынған заттардың бар-жоғын анықтады және жұмыс орындарын қарап шықты. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бақытжан Мұстафаев әскери қызметшілерге түсіндіру жұмысын жүргізіп, есірткі айналымына қарсы заңнама нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Осы орайда әскери госпиталь мамандары да әскери қызметшілерге есірткіге тестілеу жүргізді. Жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әскери автокөлік полициясы бөлімінің офицері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және жүргізушілердің жеке жауапкершілігі туралы ескертті.

   - Жол ережелерін сақтау – жай ғана формалдық емес, бұл – жүргізушінің де, айналасындағылардың да өмірі мен денсаулығына кепілдік. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – адами фактор, яғни салғырттық, асығыстық немесе өз мүмкіндігін асыра бағалау. Шаршаған күйде, ашулы не ішімдік ішкен соң көлік тізгініне отыру – аса қауіпті. Әскери қызметші көлік жүргізген кезде тек өзін емес, бүкіл әскери бөлімнің абыройын көрсетеді. Әрбір құқық бұзушылық бүкіл ұжымның беделіне нұқсан келтіреді, – деді -  лейтенант - Сұңғат Әшірәлиев.

  Әскери полицияның профилактикалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, құқықтық тәртіпті нығайтуға, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Бүгін, 10:41
Админ
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31