Әскери қызметшілер қорытынды тексеруден өтті

Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдерінде 2025 оқу жылының қорытынды тексеруі жүргізілуде. Бұл ауқымды шараға Қарағанды облысы Қорғаныс істері департаментінің, басқармалары мен бөлімдерінің әскери қызметшілері белсене қатысуда.

Админ

  Олар жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша – арнайы, атыс, саптық және дене даярлығынан сынақтар тапсыруда.

  Әрбір әскери қызметші өз кәсіби деңгейін нақты бағалай алады. Қорытынды тексерудің басты мақсаты – әскердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының шынайы жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

   - Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік шеберлік деңгейі айқындалады. Сондай-ақ тәрбие жұмысының жай-күйі, құқықтық тәртіп, әскери тәртіп пен қызмет қауіпсіздігі қаралады. Осы көрсеткіштер арқылы жергілікті әскери басқару органдарының жұмысының тиімділігі бағаланады, деп атап өтті - Қарағанды облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, подполковник - Еркебұлан Мұстағұлов.

  Айта кету керек, мұндай іс-шараларға ерекше назар аударылады және оған оқу жылы бойы жүйелі түрде дайындық жүргізіледі. Қорытынды тексеру барысында әрбір әскери қызметші түрлі нормативтер, сынақтар мен тест нәтижелері бойынша өз кәсіби шеберлігіне жекелей баға алды. Қорытынды тексеру жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде өткізіледі. Бұл – әскердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетін қамтамасыз етуге, бөлімшелердің үйлесімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды кезең. Сонымен қатар, тексеру аясында Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полициясы басқармасы жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамымен бірқатар алдын алу шараларын ұйымдастырды. Бұл шаралар есірткі қылмыстарының алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды. Профилактикалық шаралар аясында кинолог қызметтік итпен бірге жеке құрам арасында тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексеріс жүргізіп, жұмыс орындарын қарап шықты. Бұған қоса, Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының аға жедел уәкілі әскери қызметшілерге есірткі айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, профилактикалық шара өткізді. Сонымен қатар әскери лазарет мамандары әскери қызметшілерге есірткіге қарсы тестілеу жүргізді. Жол қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Әскери автокөлік полициясы бөлімінің офицері әскери қызметшілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және оларды бұзған жағдайда жүргізушілердің жеке жауапкершілігі туралы ескертті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30