100 жасқа толуымен құттықтады

   Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Тихоновна Саратовцеваны ғасырлық мерейтойымен құттықтап барды.

Админ

   1925 жылдың 12-ші қазан күні Ресейдің Пенза облысы Иссин ауданындағы Николаевка селосында дүниеге келген Александра Саратовцева 19 жасында соғысқа аттанды. Ол құрылыс взводының құрамында болды. Жарты жыл бойы жауынгерлермен бірге Днепр өзені арқылы өтетін көпірді салуға күш салды. Атыс шебіне жақын қауіп-қатерге қарамастан еңбек етті. Жеңіс күнін Польшаның Новый-Сонч қаласында қарсы алды. Майданнан оралған соң Александра Тихоновна 1953 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, еңбек жолын жалғастырды. 2019-шы жылдан бері Өскемен қаласында тұратын  қызының қолында.

   «Александра Тихоновнаның өмір жолы – ерлік пен еңбексүйгіштіктің, Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі. Бір ғасырлық ғұмыры – соғыстың ауыртпалығы мен жеңістің қуанышын, адам рухының мықтылығын айғақтайтын шежіре», деді Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқармасының ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы майор Әсет Адамбаев.

   Әскерилер ғасыр жасаған ардагерге ерекше құрмет көрсете келе, Қорғаныс  министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың құттықтау хатын да табыс етті. Мерейтой иесінің қызы Варвара Николаевнаға да анасына жасап отырған қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.  

 

 

Алуа ИСКАКОВА

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30