Ұлық болсаң – кішік бол!

Армысың, Сардар бауырым?! Әскердегі Акбар ағаңнан жалынды сәлем! Бүгінде ағаң Акбар Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылындағы 31767 «В» әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын адал орындап келеді. Үйден жырақтап, әскерге аттанғалы тура бес айдан асыпты.

Админ

Осынау аралықта туған бауырдың қадіріне жеткендеймін. Бірге жүргенде болмашы нәрсеге сөзге келіп, өзімнің ағалық өктемдігімді көрсеткенімді жасырмаймын. Әскерге келген сәттен бастап, бәрі түбегейлі өзгерді десем артық айтқаным емес. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған өзім сияқты ұландар басында бірімізге біріміз таңырқай қарағанымызбен, қазір қарап тұрсам бір үйдің баласындай болып кеттік. Күн сайын бірге жүріп, бірге тұрып, бірге кезекшілікке түсіп, әскери өмірдің қиыншылықтарын бірге өткеріп келеміз. Арасында менен жасы үлкендері де барын ескерсем, өзімді әлдеқайда жас сезінемін. Жақында командирім мені сап ортасына шығарып, барлық жеке құрамның алдында туған күніммен құттықтап, өзге әскери қызметшілердің алдында мерейімді асырып, маған көптеген жылы лебіздерін білдірді. Іштей қуанып, командиріме осынау жүрекжарды тілегіне шын ниетіммен риза болдым.

Өзімнің саналы ғұмырымда қанша туған күнімді өткізіп, көп адамнан құттықтау алсам да әскерде өткізген туған күнімді есте сақтап, жастық шағымның жарқын сәттерінің бірі ретінде зор мақтанышпен еске алатын боламын. Павлодар облысының тумасы бола тұра, бейтаныс ортаға түскен менің алғашқы сәттердегі күйімді өзіңе әскерден барғанда айтып беретінім анық. Ең бастысы сен қазіргі уақытыңды бағала. Мектеп қабырғасында жүргендіктен спортқа мықтап көңіл бөл. Менің әскерге келген сәтімде дене дайындығынан аздап қиналғаным рас. Уақыт өте оған да  төселіп, біршама жетістіктерге жетіп келемін. Алғашқы әскери дайындық пәнінен мән беріп қара. Сол кезде менің жіберген олқылықтарым әскерде жүргенде алдымнан шықты. Мектепте ең қиын болып көрінетін саптық дайындықты, әскерде зор ынтамен орындаудамын. Себебі саптық жүріспен жүрген сәнді әрі мәртебелі. Командирлерім мен бастықтарыма құрметпен қарауды үйрендім. Соның арқасында бауырым өзіңнің қадіріңді сезіндім. Болмашы нәрсеге араздасып, күресіп кететін мені енді ондай кейіпте көрмейсің. Ағаң қазір ақыл-ойы толысқан тұлға болды.

Сондықтан Сардар бауырым, саған айтарым өзіңді осы бастан әскерге баруға дайында. Қазақта «Алдыңдағы ағаңның етегінен тартпа жолын қу, артыңдағы ініңнің бетінен қақпа белін бу» деген сөзі бар. Осы аталы сөздің түпкі мәнін ұғына отырып, іс қылсақ әлі талай белестерді бағындырамыз деген ойдамын. Себебі күн ертең сен Сардар,  «атына заты сай» нағыз Отан қорғаушы болатынына сенімдімін. Құдай қалап, өзіңді мектеп бітірген соң әскерге аттанған сәтіңді көруге асықпын. Сол кезде сені мақтан тұтатыным анық.

 

Ізгі ниетпен ағаң Акбар ЖҰМАҒАЗЫ

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

Бүгін, 11:15
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51