Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

Мен 2004 жылы 1 сәуірде елорда – Астана қаласында дүниеге келдім. 2024 жылы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көлік колледжін табысты аяқтап, сол жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштеріне қарасты 29011 әскери бөлімінің ротасына аға маман лауазымымен әскер қатарына шақырылдым.

Админ

Әскер – ер жігіттің өміріндегі үлкен мектеп. Бұл жерде мен темірдей тәртіпке үйреніп, төзімділік пен табандылықтың, бірлік пен жауапкершіліктің не екенін шын мәнінде түсіндім. Қатарласқан қарулас достарыммен иық тірестіре жүріп, Отан алдындағы қасиетті борышымды адал өтеудемін. Әсіресе, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан сүңгуірлерді дайындау орталығында қызмет атқару – мен үшін үлкен мәртебе. Бізге су астында жүзу, түрлі жауынгерлік тапсырмаларды орындау сынды жаттығуларды тәжірибелі, білікті нұсқаушылар үйретеді. Бұл – жігер мен жүрекке сын болатын жауапты кезең.

Біз отбасында 5 баламыз. Артымнан ерген үш інім де, Алла қаласа, болашақта осы қасиетті жолмен жүріп, шыңдалу мектебінен өтеді деп сенемін. Әскер – азамат қалыптасатын, рух биіктейтін орта.

Осы бір сұлу табиғат аясындағы, айдынды Каспийдің жағалауында орналасқан керемет әскери бөлімде Отанға қызмет етіп жүріп, алыстағы аяулы ата-анама, бауырларым мен достарыма шын жүректен ыстық сәлем жолдаймын. Сағыныш сарынына толы сәлемімді қабыл алыңыздар! Сіздердің тілек-лебіздеріңіз – бізге қуат, демеу. Ел аман, жұрт тыныш болғай!

Матрос Бекпатша НҰРБОЛАТҰЛЫ

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

Бүгін, 10:14
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

Кеше, 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51