АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

Админ

Мен Маңғыстау топырағында дүниеге келдім. Бүгінде еліміздің елдігі мен қауіпсіздігін қорғауда алдыңғы шепте тұрған элиталы әскери құрылым – Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінде қызмет етіп жүрмін. Бұл менің бала күнгі арманым еді, бүгінде сол арманым орындалып, туған Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеп келемін.

 «Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады» дейді қазақ. Өмір жолымда қолымнан жетектеп, маған ерлік пен еңбекқорлықты үйреткен аяулы анам – Жадыра Сәрсенғалиқызының еңбегі орасан зор. Ол мені еңбекке баулып, ер мінезді, табанды азамат етіп тәрбиеледі. Соның нәтижесінде бүгінде мен ел қорғаны болар ерлердің қатарындамын.

Ана үмітін ақтау – әр перзенттің қасиетті парызы. Осы жолда маған күш пен рух берген де, ел алдындағы жауапкершілікті сезіндірген де – анамның тәрбиесі. Бөлім басшылығы тарапынан менің анамды «Үздік сарбаз анасы» атағымен марапаттауы – сол тәрбие мен аналық махаббаттың шынайы бағаланғанының белгісі.

Менің ойымша, әр қазақ баласы осыған лайықты. Егер сен де елдің ертеңі болғың келсе – шыңдал, өскің келсе – әскерге кел! Бұл – нағыз ерлер мектебі!

Осы орайда менің өмірімде маңызды рөл атқарған барша туған-туыстарыма, достарыма, ұстаздарыма және қолдау білдірген барша жақындарыма алғысымды білдіре отырып, шын жүректен сәлем жолдаймын.

 

Сәлеммен,  теңізші ұлдарыңыз Нұрбекжан СӘРСЕНҒАЛИЕВ

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30