Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Шымкент қаласында күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгін қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жинақ бекетінде жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Админ

Бұған дейін 240 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болса, бүгін олардың қатарына тағы 56 сарбаз қосылды. Олардың ішінде 21 жас — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдерінде, ал 35 сарбаз — Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамында қызмет ететін болады.

Салтанатты іс-шараға қала әкімдігінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар жас сарбаздарға адал қызмет, мықты денсаулық және ел қорғаны болу жолында табыс тіледі.

Шымкент қаласы бойынша “Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің” төрағасы Рыспеков Серғали Епишманұлы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі капитан Көпбай Темірбеков, ҚР Қарулы Күштерінің 18404 әскери бөлімінің өкілі майор Нұрлан Толдыбаев және сарбаздың ата-анасы жас буынға ақ тілегін білдіріп, Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды.

Іс-шараның ресми бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын саптан шығару рәсімімен аяқталып, қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласынан барлығы 1500-ге жуық жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанбақ. Бұл – елге қызмет етуге дайын жаңа буынның отансүйгіштік пен жауапкершілік рухының айқын көрінісі.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Бүгін, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Бүгін, 10:41
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31