Қақтығыс аймағындағы журналистика: БАҚ өкілдері нені білуі тиіс?

Қауіпті аймақтардан таратылған шынайы фоторепортаждар мен жаңалықтар қарулы қақтығыста тайталасқан тараптардың біріне кедергі келтіруі мүмкін

Жанель Нұрболатқызы

Журналистика – қатерге толы кәсіп. Халықаралық журналистер федерациясының мәліметінше, былтырдың өзінде әлемде кем дегенде 67 журналист қызметте жүріп қаза тапқан.  Журналистердің қауіпсіздігіне кім қауіп төндіруі мүмкін? Қарулы қақтығыс аймағында журналист қандай заңдылықтарды білуі тиіс? Sarbaz.kz тілшісі анықтап көрді.

БАҚ өкілдері көбіне қақтығыстар мен кикілжіңдер қызып тұрған жерде, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда немесе террористік шабуыл кезінде ажал құшады. Жаңалық жаршыларының оққа ұшуының негізгі себепкері – шындық. Қауіпті аймақтардан таратылған шынайы фоторепортаждар мен жаңалықтар қарулы қақтығыста тайталасқан тараптардың біріне кедергі келтіруі мүмкін. Ақпараттың жариялануына жол бермеу әрекеттері заңсыз қамауға алудан бастап тікелей шабуыл жасауға дейінгі әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

Журналист – қоғамның қозғаушы күші. Ал террористік шабуылдың мақсаты – қоғамды тұрақсыздандыру, халықты үрейде ұстау. Журналистің бойын қорқыныш билесе, іс тындырылды дей беріңіз. Сондай-ақ, ұйымдасқан топтардың арасында БАҚ өкілдерін өлтіруді мәртебе санайтындары да бар. Тіпті журналистерді тұтқынға алған кей лаңкестер сыйақыға ие болып, көл-көсір пайдаға кенеліп жатады. Бұдан шығар қорытынды, террористік шабуыл кезінде де, қарулы қақтығыс аймағында да оқшауланбай, көпшіліктің арасында жүрген абзал.

Қауіпті аймақтарда тұтқынға түсу қаупінен басқа да қатерлер жеткілікті. Олардың басым көпшілігі БАҚ өкілдерінің экстремалды жағдайда жұмыс істеу ережелерін білмеуінің салдарынан туындайды. Мәселен, маңызды қағиданың бірі – журналистің қақтығыс аймағында қаруға қол тигізбеуі. Қару алған БАҚ өкілі қол сұғылмайтын адам мәртебесін жоғалтып, басын қатерге тігеді. Аман қалған жағдайдың өзінде оны халықаралық конвенциялардың қорғап алуы екіталай болады.

Тағы бір маңызды сақтық шарасы –  жанжал аймағынан тыс жерде сенімді адамның болуы. Жергілікті географияны жақсы білетін адаммен байланыста болу қақтығыс аймағынан аман-есен шығуға кепілдік береді.

Кез келген қауіпті жағдайда ең бастысы, сананы сергек ұстау, сюжет үшін өміріңді қатерге тікпеу. Аса қауіпті жағдайдағы қауіпсіздік шараларын қызықты материал үшін ұстанбау өзіңізді өлімге қиғанмен тең екенін ұмытпау керек.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59