Еліміздегі жоғары әскери оқу орындарына қабылдану: тәртібі мен ережесі

Қорғаныс министрлігіне қарасты 3 негізгі әскери институт бар. Олар: Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты. Аты аталған әскери білім ордасына әскери мамандықты таңдаған түлектер қалай оқуға қабылдануға болады? Қандай құжаттар қабылданады? Sarbaz.kz тілшісі осы сауалдарға жауап іздеп көрді.

Қазақстан Республикасының азаматы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнына түсуге құқылы:

егер ол әскери қызметін өткермесе, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған болса; егер ол әскери қызмет өткерсе және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толса; егер ол 25 жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатса.

Оқуға түсуге үміткер 30 сәуірге дейін жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) өзімен бірге жеке куәлігі мен тіркеу куәлігі бар өтініш жолдайды.

Медициналық тексеруден өту үшін жеке куәлік, тіркеу куәлігі, наркологиялық диспансерден анықтама, психоневрологиялық диспансерден анықтама, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама қажет.

Қалған қажетті құжаттар бойынша жергілікті әскери басқару органынан нақтылау қажет.

ҰБТ, ТКТ сертификаты нәтижелері 50 балдан кем емес болуы керек, оның ішінде математикалық сауаттылық немесе математика бойынша 7 балдан кем емес және қалған пәндер бойынша 4 балдан кем емес жинауы қажет.

Бұл іріктеу – үміткердің Қарулы күштер қатарында қызмет етуге және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында оқуға психологиялық дайындық деңгейін анықтайтын тестілеу.

Жоғары әскери оқу орындарына түскісі келетін үміткерлер дене дайындығы сабағынан нормативтер тапсырады.

Барлық іріктеу тестілерінің қорытындысы бойынша әскери ЖОО-ға түсу үшін  үміткерлер анықталады. Қабылдау мандаттық комиссиядан кейін өткізіледі, онда кандидатқа нәтиже жарияланады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22