«Ұшқыш боламыз»: әскери қызметшілер егіз балалардың арманын орындады

Қарағанды облысында Ашық есік күні өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Приозерск гарнизоны мен Балқаш гарнизоны арасындағы бірлескен іс-шараны жүзеге асыру барысында Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында Ашық есік күні болып өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – тумасынан егіз болып өмірге келген Әлихан Төремұрат пен Мәдихан Төремұраттың бала кездерінен балғын сезімдерін баурап алған ұшқыш болу армандарын орындау болатын. Алдымен, 53898 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Мақсат Буратаев Приозерск гарнизонынан келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алды. Алға қойған ашық есік күніне қатысатындардың арасында ұшқыш болуды армандаған егіздер Әлихан мен Мәдиханның әкесі Медет Турамұратов, анасы Раушан Құдіретова, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков және 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында әскери ұшақпен ұшуды іс жүзінде үйреніп жүрген Ақтөбе қаласының екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында білім алып жүрген курсанттар болды.

Жастайынан ұшқыш болуды армандаған Әлихан мен Мәдихан бұл күнде Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «б» сыныбында білім алып жүр. Білімге құштарлығы басым, бос уақыттарын тиімді өткізу барысында спортпен шұғылданады. Екеуі де Приозерск гарнизонының 06708 әскери бөліміндегі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері болып саналады.

Клуб жетекшісі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Тілек Кенжебековтің басшылығымен клуб тәрбиеленушілері осы жылдың жазында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылып өткізілген ІХ Халықаралық «Айбын-2023» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. Аталған жиын барысының «Айбын алауы» атты іс-шараға қатысқан Әлихан мен Мәдихан өздеріне берілген алауды бірге жағып, көпшілік қошеметіне ие болды.

Өткен жылдан бері «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің қатарына қосылған егіз ұлдардың ұшқыш болудағы армандарын бірден сезген клуб жетекшісі Тілек Алшымбекұлы былайша ой түйеді:

«Өз басым Әлихан мен Мәдиханның талаптары мен алғырлықтарына таң қаламын. Бірде клуб тәрбиеленушілерінің бастарын қосып, олардан келешекте қандай мамандық таңдайтындықтарын сұрағанымда екеуі де орындарынан бірге тұрып, ұшқыш болуды армандайтындарын жеткізген кезде шын қуанғаным рас. Содан биылғы халықаралық деңгейде өткен әскери-патриоттық жастар жиыны кезінде ерінбей екеуін де ертіп алып, ашық алаңға келіп қонған тікұшақты көрсеттім. Тікұшақты басқарған әскери ұшқыштарды көрген Әлихан мен Мәдиханның жүздерінен ұшқыш болуды армандаған ойларын анық сезген болдым. Енді міне, Приозерск гарнизонынан Балқаш қаласындағы әскери ұшқыштарды даярлайтын оқу-жаттығу орталығына жолымыз түсіп, балалық арманның орындалып жатқанына куә болып отырмыз.

Алдағы уақытта Әлихан мен Мәдиханға дұрыс бағыт-бағдар беріп, Ақтөбе қаласының екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оқуға түсіп кетулеріне жол ашып, келешекте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Талғат Бигельдинов, Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіров, Халық Қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанова және кейінгі бейбіт өмірде Халық Қарманы атанған, ұшқыш Мұхтар Алтынбаев сынды батыр аға-апаларымыздың ерлік жолдарын үлгі тұтып, егеменді еліміздің ең сенімді ұшқыштарының бірі болатындарына сенімдімін!».

Ашық есік күнінің көркі қызған шақта ұшқыш болуды армандаған қос ұлан ұшудың ашық алаңына ұшуға дайын тұрған әскери ұшақтарды өз көздерімен көріп, әскери ұшақты басқарушы әскери ұшқыштармен ой бөлісті. Әскери ұшқыштың орнына отырып көрген Әлихан мен Мәдиханның ұшқыш болудағы сезімдерінің одан сайын артқандығын көзбен көрдік. Бала кезден бергі  арманның орындалғаны осы шығар деп ой түйдік.

Ендігі сенім, алдағы уақытта Төремұрат Медетұлдары Әлихан мен Мәдиханға мектеп қабырғасынан өз деңгейінде білім алып, ұшқыш болуды армандауындағы мақсатымен Ақтөбе қаласының екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оқуға түсіп, көк аспанға бет алған ұшақтарды жоғары деңгейде басқарып кетулерін тілейміз! Ендеше, тек сәттілік қазақтың қос ұланы!

лейтенант Думан Құрманғалиев

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59