Мектепте өрт болған жағдайда не істеу керек: құтқарушылар арнайы жаттығу ұйымдастырды

Мектеп оқушыларына құтқару жұмысы көрсетілді

Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округіндегі №144 Cақтапберген Әлжіков атындағы орта мектепте өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты өрт оқиғасы орын алған жағдайда мектептің әкімшілігі мен оқушыларына өзін-өзі құтқару тәсілін түсіндіру, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ережелерін үйрету, өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимыл дағдыларын дамыту, кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылады.

Шартты өрт оқиғасы бойынша мектеп кезекшісінен «101» пультіне мектептің кітапханасынан өрт шығып жатқаны жөнінде хабар түсті. Ғимарат ішіндегі барлық оқушыларды ұстаздардың көмегімен қауіпсіз орынға  эвакуациялау жұмысы жүргізілді. Хабарлама бойынша №2 жоғарғы шақырту рангысымен өрт сөндіру бөлімдерінен күш-құралдар жолданды. Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері барлау жұмыстарының нәтижесінде қою түтін арасынан ес-түссіз жатқан 2 зардап шегушіні қауіпсіз жерге  алып шықты.

Сондай-ақ, оқушылар мен ұстаздарға құтқарушылар «құтқару тенті» арқылы 3-қабаттан зардап шегушіні құтқару әдіс-тәсілдерін  көрсетті.

Аталмыш оқу-жаттығуға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» жеке құрамының 33 қызметкері 6 бірлік техникасымен жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті полиция, апаттар медицинасы орталығының филиалы, жедел жәрдем бригадасы, арнайы  қызметтер қатыстырылды.

Аталмыш оқу-жаттығудың ең қызықты сәті өрт сөндіру-құтқару техникалары мен құралдарының көрмесі болды. Барлық назар балаларға аударылып, оларға өрт кезінде «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу тәртібі, өрт сөндіру әдіс-тәсілдері, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі құтқару тәсілі  түсіндірілді. Өрт оқиғасынан көрініс, кинологиялық есептің жұмысы көрсетілді.

Аталмыш оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов өрт сөндіру бөлімдерінің оқу-жаттығуды ұйымдастыру жұмысына оң бағасын берді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22