Күзгі шақырылым: Астанада әскерге шақырылғандардың алғашқы легі аттанды

Астанада Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына күзгі шақырылған алғашқы команданы шығарып салу рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына күзгі шақырылушылардың алғашқы командасы Қонаев қаласында орналасқан десанттық-шабуылдау құрамасына аттанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Болашақ десантшыларды шығарып салуға «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері, әкімдік қызметкерлері, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Астаналық әскерге шақырылушы жастар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 32363 әскери бөлімінде қызмет ететін болады.

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықовтың айтуынша, күзгі науқан барысында мерзімді әскери қызметке 1000-нан астам жас жігіт шақырылады. Елордадан Қонаев қаласына аттанған алғашқы партияға 40 адам кіріп отыр.             

Өздеріңіз білетіндей, әскерге шақырылған алғашқы командалар әрқашан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберіледі. Қазіргі таңда оларды жасақтау аяқталуға жақын.

Әскерге шақырылушы Алдияр Науқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етуді бала күнінен армандағанын айтады.

– Мен  элиталық әскерлер қатарына шақырылғаныма қуаныштымын, – дейді болашақ десантшы. – Бала күнімнен «Көк тарландары» сериалын көріп өстім. Олардың парашютпен секіргенін көріп, мен де сондай десантшы болсам деп армандайтынмын. Менің атам әскери қызметте болған адам. Ал әкем танк құрамасында қызмет етті. Ол кісілердің әскер туралы әңгімелері маған да қанат бітірді.

Әскерге шақырылушыларды шығарып салу іс-шарасы шағын концертпен аяқталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Бүгін, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Бүгін, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кеше, 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19