Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихаттық тобы ШҚО-да жұмысын бастады

Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихаттық тобы ШҚО-да қарттар үйіне де барды

Нұрдәулет Кәкіш

Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Ұлттық Ұлан ән-би ансамблінің «Ұлттық ұлан – ұлт рухы» концерті өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Концертті Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов, әскери бөлім офицерлері және сержанттар мен сарбаздар тамашалады.

«Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың шешімімен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына ақпараттық-насихаттық топ жіберілді. Біздің мақсатымыз – әскери қызметшілер мен азаматтық жастарды қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдык рухында тәрбиелеу, Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның имиджін нығайту, азаматтардың әскери қызметшілерге, олар орындайтын кызметтік-жауынгерлік міндеттерге деген оң көзқарас қалыптастыру.

Осы мақсатпен сіздерге де келуді жөн көрдік. Сондай-ақ осы залға жиналған 5518 әскери бөлімінің сарбаздарын алғашқы әскери дайындық оқуын аяқтауымен құттықтаймын! Отан алдындағы міндеттеріңізді Ұлттық Ұлан қатарында, құқықтық тәртіп әскері құрамында абыроймен атқарасыздар деп сенемін. Ұлттық Ұлан сапында қызмет ету – абыройлы міндет. Жақын күндері Әскери ант қабылдайсыздар. Кейінгі өмірлеріңізді Ұлттық Ұланмен байланыстыруға үлкен мүмкіндік бар. Ал бүгінгі концерт сіздерге рухани азық болатыны сөзсіз. Сіздерге Ұлттық Ұлан қатарында әскери борышын өтеген, бүгінде Ән-би ансамлінде өнер көрсететін әскери қызметшілердің әзірлеп әкелген нөмірін ұсынамыз», - деді сарбаздар алдында сөйлеген әскердің Бас тәрбиешісі.

Осыдан кейін өнерпаздар офицерлер мен сержанттарға және сарбаздарға әннен шашу шашты. Сахнада «Ұлттық Ұлан», «Құсни Қорлан», «Біздің елдің жігіттері», «Аузынан айдың түскен қыз», «Мағжан сенген жастармыз», «Қазақстан», «Елім-ай», «Туған жер» және «Елдің қорғаны» әндері орындалды. Хор жігіттері шырқаған әндер де көрермен көңілінен шықты. Сарбаздар биші қыздарға ықылас гүлін сыйлап, әншілерден қошеметін аямады. Патриоттық әндер айтылғанда бәрі орындарынан тұрып, еліміздің көк байрағын желбіретіп тұрды.

Ұлттық Ұланның ақпараттық-насихаттық тобын ШҚО-ға бастап барған Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов бір топ өнерпазбен бірге Глубоковский ауданы Солнечное кентіндегі қарттар үйіне де барды.

Бұл жолы ақпараттық-насихат тобымен бірге запастағы полковник Айдар Оразбаев және ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Медет Бердімұратов болды.

Әскердің Бас тәрбиешісі қариялардың хал-жағдайымен танысты.

«Біз сіздерге былтыр да келгенбіз. Биыл да Өскеменде ақпараттық-насихат тобының жұмысы жалғасуда. Кеше Ұлттық Ұлан Ән-би ансамлінің қатысуымен 5518 әскери бөлімінде бірінші концертімізді өткіздік. Ал енді сіздерге де мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік. Сіздермен байланысымыз үзілмейді», - деді Қайрат Жарылғасынұлы.

Сондай-ақ генерал-майор Қайрат Үмбетов Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы апарған сыйлығын тарту етті.

«120 қартты бағып-қағып отырған біздің мекемемізге Халық қаһарманының келуі үлкен мәртебе. Бізге қарай атбасын бұрғандарыңызға қуаныштымыз. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Ән-би ансамблінің қыз-жігіттеріне де алғысымыз зор. Өнерлеріңіз үстем болсын!» - деді қарттар үйінің директоры Ерболат Ошақбаев.

Жылы лебізге толы жүздесу концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна шымылдығы әнші Асхат Әмірғалидің орындауындағы «Ақ махаббат» әнімен ашылды. Келесі кезекте жыршы Сәкен Әлімхан «Желдірме» термесін орындады. Ал әнші Дихан Ілияшев «Қазақ осы» әнін шырқады. Көрермен хормен айтылған әндерді ұйып тыңдады. «Дәуір» триосы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың жастық шағынан сыр шертетін ескі әндерді әуелетті.

«Әрі әскери қызметкер, әрі әнші қыз-жігіттердің өнеріне тәнті болдық. Солист Денис Яковлев «Құсни Қорлан» әнін қазақ тілінде шырқағанда көзіме жас ұялады. Талабы таудай жастарға басымды иіп, осындағы үлкендердің атыннан алғыс айтамын. Қызметте табысты болыңдар! Жолдарың ашық болсын! Бақытты болыңдар!» - деді зейнеткер Тұрсын Қусанова.

Бұдан кейін өнерпаздар қарияларды ортаға алып, естелік суретке түсті. Көпті көрген көнекөздер қонақтарға батасын беріп, алғысын жаудырды.

Сондай-ақ Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесу өткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59