Танкиске қажетті негізгі қасиеттер: отставкадағы генерал-майор ой бөлісті

Шымкентте жасалған танктер Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысқан

Отставкадағы генерал-майор Геннадий Носоновскийдің Әскери-тарихи музейде елордалық оқушылармен өткен кездесуі Танкист күніне орайластырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Batyrlar» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен болған кездесуде Геннадий Владимирович Қазақстан әскерінің құрылуы мен қалыптасу тарихына тоқталды.

Әскерилер әулетінен шыққан генерал-майор Геннадий Носоновский төл Қарулы күштеріміздің бастауында тұрған тұлға. Ол танк полкіне басшылық жасады. Танк дивизиясының штаб бастығы болып абыройлы қызмет атқарды. Оңтүстік әскери округінің штабын басқарды. Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарып, құрметті демалысқа шықты.

Танк туралы айтқан ардагер өз өмірінің қуатты, әрі көп тонналық жауынгерлік машинамен тығыз байланысты екенін атап өтті. Шынжыр табанды техниканың сипаттамасына жан-жақты тоқталды. Оқушыларды жауынгерлік машинадағы снаряд саны, оны қолдану, танктің осал жері қайда деген сұрақтар қызықтырды.

«Төзімділік, бойыңның қысқа болуы, жақсы білім, қатаң тәртіп – бұл танкиске қажетті негізгі қасиеттер. Танк бөлімшесінің жетістігі негізінен экипаждың үйлесімді іс-әрекетіне байланысты. Сол себепті танкистерді даярлауға көп көңіл бөлінеді. Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институты офицер кадрлардың негізгі ұстаханасы болып саналады. Ал танк бөлімшелерінің кіші мамандары Гвардейск гарнизонындағы Оқу орталығында дайындалады», – деп атап өтті ардагер.

Қазақстан Қарулы күштерінде 15 қыркүйекте Танкист күні атап өтіледі. Бұл күннің тарихы сонау 1942 жылдан бастау алады. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары Республика жастары жинаған қаражатқа жасалған танктер легі Қазақстаннан майдан даласына жіберілген болатын.

1941 жылы шымкенттік теміржолшы жастардың бастамасымен бір жыл ішінде бүкіл республика бойынша танк легін құруға жететін ақшалай қаражат жиналды. 1942 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 46 дана Т-34 танкі әскерлерге беріліп, майдан даласына жіберілді. Бұл жауынгерлік машиналар Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысты. Кейбір куәгерлердің естелігі Берлин түбіндегі ұрыстарға да Қазақстанда жасалған бірнеше танктың қатысқанын растайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22