Елімізде әскерге барған адам білім грантын қалай алады?

Әскерге барып келген сарбаз пікірімен бөлісті

Нұрдәулет Кәкіш

Әскер қатарында өзін жақсы қырынан көрсеткен сарбаздарға ҰБТ тапсырмай, университеттерде грантта оқу мүмкіндігі қарастырыла бастады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше ай бұрын Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде мерзімді қызметін атқарып, жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып, қару-жарақтан оқ атып жүрген Әли Мұхамеджанов – қазір Еуразия Ұлттық университетінің 1-курс студенті. Ақпараттық жүйе саласында тегін білім алуда.

Әскери борышын өтеуге өз еркімен барған Әли Қорғаныс министрлігі ұсынған сарбаздарға арналған жеңілдетілген білім беру туралы естігенде бұл мүмкіндікті құр жібергісі келмегенін айтады.

«Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай мүмкіндік алғаш рет болып отыр. Шыны керек, басында аса сенбедік. Командирлеріміз бұған дейін өзімізді тек жақсы жағынан көрсете білсек, белгілі бір мамандыққа грант иегері болуға мүмкіндігіміз бар екенін айтқан болатын. Содан командирімізден осындай сүйінші хабар келгенде қуанышымда шек болмады. Бұл грант әскердегі жақсы көрсеткіштеріміз үшін берілген Қорғаныс министрлігінің сыйлығы екенін айтты командиріміз. Мұны естігенде ата-анам да қатты қуанды», - деді Әли Мұхамеджанов.

Бүгінде Әли сияқты ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін 600-ден аса талапкер пайдаланған. Олардың басым көпшілігі Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаған. Ал емтихансыз ақылы бөлімге тапсырғандардың көбі Көкшетау университетінде оқуды жөн көріпті.

Айта кетсек, Қорғаныс министрлігі ұсынған бұл сертификатты жастар 2 жыл көлемінде пайдалана алады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30