Қарулы күштердің әскери қызметшілері қалалық сенбілікке қатысты

Қазір «Жасыл Астана» күзгі экологиялық айлығы басталды

Админ

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер құрылымдық бөлімшелерінің және Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы жалпықалалық сенбілікке қатысып, белсенділік танытты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, Қарулы күштер түрлерінің және әскери оқу орындарының әскери қызметшілері елорда көшелерін көгалдандырумен және санитарлық тазалаумен айналысты. 

Олар Қорғаныс министрлігінің жанындағы Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт және Достық көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар көшесінде, Сауран көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әкімшілік ғимараттардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің айналасын тазартты. Тұрғын үй маңындағы учаскелер мен әскери қызметшілер жинақы тұратын жерлерде де жинау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке қатысушылар үшін әскери дәрігерлер медициналық, Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің офицерлері ақпараттық қолдау көрсетті. Бейнесюжеттер мен фотоматериалдар дәстүрлі экологиялық акцияға қатысушылардың көңіл-күйінің көтеріңкі екенін көрсетіп тұрды.

Елорда әкімдігі 2023 жылғы 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін «Жасыл Астана» күзгі экологиялық айлығын өткізетінін естеріңізге саламыз.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02