Алматыда генерал-лейтенант Мәлік Сапаровты еске алды

Алматыда арнайы конференция өтті

Админ

Армия үйінде Қазақстан Қарулы күштерінің дамуына баға жетпес үлес қосқан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Мәлік Сапаровтың өмір жолына арналған конференция өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған шараны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Оған Мәлік Сапаровтың туыстары мен жақындары, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ардагерлері, Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің кадеттері мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Шараға қатысушылар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Мәлік Мұхамеджанұлын еске алды. Генералдың өмірі мен қызметі туралы деректі фильмді тамашалаған соң әскери ғылымдар докторы, академик Досай Абраимов сөз сөйледі.

Ғалым Мәлік Сапаровтың әскери құрылыс пен ғылымға қосқан елеулі үлесін «Генерал-лейтенант Мәлік Сапаров Бас штабтың бастығы ретінде Қазақстанның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты заңдар, жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар мен директивалар жобаларын әзірлеуге белсенді қатысты. Ол Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға, барлық стратегиялық маңызды бағыттарда әскерлердің үйлесімді басқару құрылымы мен қуатты топтарын құруға мүмкіндік берген өзгерістердің бастамашысы болып табылады», – деп ерекше атап өтті.

Конференцияға қатысушылар жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде осындай іс-шаралардың маңыздылығы туралы айтты. Мәлік Мұхамеджанұлы сияқты адамдардың өмірі мен қызметі қазақстандық патриоттардың жас ұрпағын тәрбиелеуге үлгі болатынына тоқталды. 

Конференция соңында «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы генерал-майор Махмұт Телеғұсов Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оның атын бере отырып, генерал-лейтенант Мәлік Сапаровтың есімін мәңгілікке қалдыру туралы бастама көтерді.

Генерал-лейтенант Сапаров 2003 жылы 19 маусымда кенеттен қайтыс болды. Биыл ол 65 жасқа толар еді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39