Елімізде танкішілер кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр

2021 жылдан бастап бұл күн 15 қыркүйекке белгіленді

Жанель Нұрболатқызы

1946 жылдан бастап жыл сайын танкішілер күні мерекеленіп келеді. Алайда 2021 жылдан бастап Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан танкистері кәсіби мерекесі 15 қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл күннің тарихы сұрапыл соғыста барша қазақ жастарының танк колоннасын салуға қаражат жинауынан бастау алған. 1942 жылы Шымкент жастары жетінші және он үшінші жеке танк полктеріне қырық алты Т-34 танкін тапсырды.

Танк әскерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпес даңққа ие болып, жеңіске үлкен үлес қосты. Ұлы дала танкистерінің жауынгерлері, офицерлер Ғали Әділбекұлы Әділбеков, Жұмаш Рахметұлы Рахметов, қазақ қыздары Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Құлжамиләя Талқанбаева және Жамилә Бейсенбаева кәсіби танкистер болды.

«Бүгінгі таңда соғыс тактикасындағы айтарлықтай өзгерістерге және қару-жарақтың жаңа түрлерінің пайда болуына қарамастан, танктер әлемнің көптеген дамыған елдері армияларының негізгі жауынгерлік құрамдас бөлігі болып қала береді. Сенімді сауыты, жоғары маневрлік және атыс қуатының арқасында танктер жердегі ұрыс кезінде кеңінен қолданылып келеді.

Отандық танкистер жауынгерлік әзірлігі мен қабілетін арттыру үшін үнемі кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа тактикалық тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан әскері де қарсыласқа  тойтарыс беруге және шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін «Танк каруселі» және «Сақ қорғаны» жауынгерлік машиналарын қолдану тәсілдері сәтті сыналды», - делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды талқандауда бронетанкалық және механикаландырылған әскерлердің үлкен еңбегін атап өтуге, сондай-ақ елдің Қарулы Күштерін бронетанкалық техникамен жарақтандыруда танк жасаушылардың еңбегі үшін 1946 жылдың 11 шілдесіндегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен тағайындалған. 1980 жылға дейін бұл мереке 11 қыркүйекте атап өтілді, себебі 1944 жылы Кеңес әскерлері Шығыс-Карпат операциясын өткізу кезінде елеулі табыстарға қол жеткізді. 1980 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен тойлау күні қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленген.

Тақырыпқа орай: Ұлы Отан соғысы кезінде Т-34 танк экипажы қазақ қыздары болғанын білесіз бе?

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39