Қорғаныс министрі: Танк әскері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпес даңққа ие болды

Бүгін – танкішілер күні

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов танкішілерді ресми мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Ардақты ардагерлер! Бүгін қазақстандық танкистер кәсіби мерекесін атап өтуде.

Құрлық әскерлерінің негізгі соққы күшінің еңбегін құрметтеу дәстүрі бұрыннан пайда болған. Бұл күн Қарулы Күштердегі ең құрметті күндердің бірі болып табылады. Оның тарихы 1942 жылы Шымкент жастары жетінші және он үшінші жеке танк полктеріне қырық алты Т-34 танкін тапсырған оқиғасынан бастау алады. Танк колоннасын салуға қаражат жинауды бүкіл республика жастары жүргізген екен.

Танк құрамаларының тарихы әскери жылнаманың қаһармандық кезеңдерін, батылдықты, танк жауынгерлерінің табандылығы мен жанқиярлығын білдіреді», - дейді Қорғаныс министрі.

Ол құттықтауында танк әскерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпес даңққа ие болып, жеңіске үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтті.

«Ұлы дала танкистерінің жауынгерлері, офицерлер Ғали Әділбекұлы Әділбеков, Жұмаш Рахметұлы Рахметов, қазақ қыздары Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Құлжамиләя Талқанбаева және Жамилә Бейсенбаева кәсіби танкистер болды.

Танктер бүгінде әлемнің көптеген елдерінің әскерлерінің негізгі жауынгерлік құрамдас бөлігі болып қала беруде. Олардың басты артықшылығы – қауіпсіздік және жауынгерлік күш.

Біздің еліміздің Қарулы Күштерінде танк бөлімдері мен бөлімшелері үнемі жауынгерлік дайындық жағдайында. Танкистер жауынгерлік дайындық деңгейін ұдайы арттырып, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қолдана отырып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды», - деді Руслан Жақсылықов.

Сөз арасында мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру ісінде «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамының мамандарын тілге тиек етіп өтті.

«Бұл күні жөндеу кәсіпорындарының қызметкерлері де құрметке ие. «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамының мамандары Қарулы Күштердің мүддесі үшін бронды қару-жарақ пен техниканы жөндеу мен жаңғыртуды сапалы жүргізіп, осылайша мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру ісіне зор үлес қосуда.

Танкіші жауынгерлерге, жөндеу кәсіпорындарының барлық мамандарына, ардагерлерге денсаулық, амандық және еңбектерінің жемісін көріп, осы игі істе үлкен табысқа жете беруін тілеймін!» - деді Қорғаныс министрі құттықтауында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30