Елімізде «Қазқұтқару-2023» халықаралық сайысы өтіп жатыр

Түркі мемлекеттері ұйымының командалары қатысып жатыр

Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен «Қазқұтқару-2023» құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Түркі мемлекеттері ұйымының – Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның құтқару бөлімшелері құтқару көпсайысында жарысатын болады.

«Құтқару ісіндегі маңызды іс-шаралардың бірінің басталуымен құттықтаймын! Біз халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп жатырмыз, осы тәжірибе алмасу құтқару жұмысының сапасына әсер ететіні сөзсіз», - деп Сырым Шәріпханов атап өтті. 

Бұл іс-шара Мемлекет басшысының 2023 жылғы 16 наурыздағы «Дүлей зілзалаларды, төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек» түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде айтылған бастамасы шеңберінде өткізіледі.

Салтанатты ашылу рәсімі барысында қираған ғимараттар мен құрылыстарда, таулы жерлерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, әуе және теміржол көлігінде, химиялық қауіпті объектіде аварияны жою, өртті сөндіру және акваторияда зардап шеккендерді құтқару бойынша авариялық-құтқару қызметтерінің көрсетілімдері өтті.

Бас төрешілер алқасы мен төрешілер отырысынан кейін құтқарушылар командасы жарысқа кірісті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19