Қорғаныс министрі: Моральдық құндылықтар отбасы ішінде қаланды

Руслан Жақсылықов мерекемен құттықтады

Админ

Қорғаныс министрінің Отбасы күнімен құттықтау сөзі жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!

Қадірлі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері! Бүгін еліміз Отбасы күнін атап өтеді. Мен барша әскери қызметшілерді және олардың жақындарын осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Адам баласының негізгі қасиеттері қаланатын орта -  ол отбасы. Баланың өсуі, айналасы мен қоршаған ортаға көзқарасы ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты. Ғасырлар бойы гуманистік мұраттар мен моральдық құндылықтар отбасы ішінде қаланды. Отбасылық қарым-қатынаста жылулық пен шынайылықты сақтауды ұмытпаңыздар. Барлық тарихи кезеңдерде әрқашан ерекше құрметтелген дәстүрлер мен құндылықтарды сақтай біліңіздер. Туыстарыңыздың, жақындарыңыз бен достарыңыздың қолдауы өмірдегі басты тірек және кез келген сәттіліктің құрамдас бөлігі екенін ұмытпаңыздар.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтер отбасылық құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге зор үлес қосып келеді. Сіздер Отанымыздың болашағына деген шынайы жанашырлықтарыңызбен ерекшеленесіздер. Барлық әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға, отбасы мүшелеріне, отандастарымызға мықты денсаулық, аман-саулық және жасампаз бастамаларына табыс тілеймін!

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02