Әскер қатарындағы сарбаздың намазы мен оразасын қаза етуіне бола ма?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауабын назарыңызға ұсынамыз

Нұрдәулет Кәкіш

Әскер қатарындағы сарбазға намазын және оразасын қаза етуге бола ма? Алланың бұйрығы мен командирдің бұйрығы қатар берілгенде мұсылман сарбазы не істеуі керек. Sarbaz.kz оқырман назарына ҚМДБ жауабын ұсынады.

Бұл сауалға жауап іздеп, ең әуелі бірнеше имамға және бірнеше командирге қоңырау шалдық. Бірақ олардан дер кезінде жауап ала алмадық. Командирлер бұл сұраққа жауап беруден үзілді-кесілді бас тартпаса да, қашқақтады.

Біз осыдан кейін ҚМДБ-ға ресми хат жолдадық. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінен келген жауап хатты сол қалпында назарыңызға ұсынамыз:

«Шариғат бойынша әрбір мұсылманға күніне бес уақыт намаз және Рамазан айында бір ай ораза тұту – парыз.

Намаз жайында Алла Тағала Құранда: «Расында, намаз мүміндерге белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді», - делінген. Намаз уақыттары Құранда және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылған.

Парыз намаздарға және олармен бірге қоса оқылатын үтір, сүннет, тарауих және айт намаздары үшін уақыт – шарт. Уақыты кірмей бұл намаздар оқылмайды.

ҚМДБ Алматы қаласындағы В.Г. Фесенкова атындағы астрофизикалық институттың көмегіне жүгіне отырып, намаз уақыттарын жасап шығарды. Намаз уақыттары және ораза кестелері ҚМДБ-ның ресми muftyat.kz сайтында көрсетілген.

Бұл кестеде әр намаздың басталу және аяқталу уақыты көрсетілген. Әр намаздың уақытының арасы – ең кемі 2 сағат. Әр намазды осы белгіленген уақыт аралығында оқыса, ол намазды уақытында оқыған болып саналады. Әр намазға шамамен 10-15 минут уақыт кетеді. Ал уақыты шығуымен намаз қаза етіп оқылады.

Намаз бен ораза адам баласын рухани тұрғыда тәрбиелейді. Алла Тағала: «Тегінде, намаз арсызық пен теріс қылықтан тыяды», - деді. Ораза тұту жайында: «Уа, иманға келгендер! Тақуалық етулерің үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді», «Ораза тұткандарың өздерің үшін жақсы» делінген.

Сондықтан мекеменің ішкі тәртіптік қағидаларын сақтай отырып, намаз оқуға, ораза тұтуга ниетті сарбаздар үшін намаздарын өтеуге, парыз оразаны орындауға мүмкіндік жасаған дұрыс деп есептейміз», - делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауап хатында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22