Қарулы күштердің әскери қызметшісі жасөспірімді аман алып қалды

Оқиға Астанада қаласында болды

Админ

83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов тұрғын үйдің 15 қабатынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тамыздың жиырмасында ол Астана қаласының оңтүстік-шығыс шағын ауданында туыстарына келген еді.

«Күтпеген жерден жиені көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп мен кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым», – деді Ерік Ысқақов. 

35 жастағы әскери қызметкер Ерік Ысқақовтың өзі төрт баланың әкесі. Түркістан облысы Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан болатын. Ол оқиғаға бей-жай қарамай, оқыс жағдайда батыл әрекет етіп, адам өмірін сақтап қалды.

Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды. Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанғанын жасырмады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22