Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орнында салтанатты түрде әскери ант қабылдады

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында бірінші курс курсанттары Отанына адал болуға ант берді

Админ

Салтанатты рәсімге жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қарулы күштердің ардагерлері, бірінші курс курсанттарының туыстары мен жақындары қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Курсанттарды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов құттықтады. Ол Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президенті мен Конституцияға адал болуға салтанатты ант беру арқылы Отан қорғаушы атағын мақтанышпен алып жүретініне сенім білдірді.

Биыл әскери институтқа 187 курсант оқуға түсіп отыр. Оның ішінде жауынгерлік даярлық пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен 5 әскери қызметші "Срочники 2.0" бағдарламасы бойынша қабылданғанын айта кету керек.

Саналы түрде өз тағдырын әскери мамандықпен байланыстырған жастар алғашқы күннен әскери өнерді мұқият игеруге ұмтылуда.

Радиотехникалық әскерлер факультетінде оқып, сұранысқа ие мамандық аламын деп білемін. Әскери ант беру Отанға қызмет етудің қасиетті міндеті бекітілген Конституция күнін мерекелеумен тұспа-тұс келді, – дейді Қарағанды қаласынан келген курсант Елдар Сағымбек.

Әскери институт әскерлерде және педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылар құрамымен жасақталған. Оқу аудиториялары мен зертханалары радиотехникалық стендтермен, компьютерлік техникамен, тренажерлармен және тренажер кешендерімен жабдықталған. ЖОО-да мәдени-демалыс және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу үшін тамаша жағдайлар жасалған.

Іс-шара институттың  әскери оркестрінің дефилесімен және бірінші курс курсанттарының салтанатты шеруімен аяқталды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19