Әскери оқу орнының курсанттары Отанымызға адал болуға ант берді

Іс-шара Конституция күні қарсаңында өтті

Админ

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 300-ден астам курсанты салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Салтанатты шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Оған Қарулы күштердің ардагерлері, әкімдік өкілдері, курсанттардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

Бас штаб бастығы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров курсанттарды айтулы оқиғамен құттықтады.

Бүгін сендер Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне адал болуға салтанатты түрде ант беріп тұрсыңдар. Қиын да құрметті Отан қорғаушы мамандығын таңдадыңдар. Бүгінгі қабылдаған салтанатты анттарыңның әр сөзін шын жүректен түсініп, абыроймен орындайды деп сенемін, – деді Қаныш Әбубәкіров.

Курсанттарға алда төрт жыл оқу күтіп тұрғанын еске салған генерал-майор:

Алда үлкен сынақтар күтіп тұр. Далалық жағдайда шыңдалып, жауынгерлік қарудан оқ ату мен әскери техника меңгеруде шыдамдылық пен төзімділік көрсетулерің керек. Оқуда зерек боп, әскери институттың курсанты атағын абыроймен алып жүріңдер, – деп түйіндеді.

Қонақтар үшін курсанттар қоян-қолтық ұрыс элементтері мен қару-жарақпен саптық тәсілдер көрсетті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02