Астаналық колледждің 83 ұланы әскери ант берді

Іс-шара Конституция күні қарсаңында өтті

Админ

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Салтанатты шараға Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, әскери колледждің оқытушылары, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген ұландардың туыстары мен жақындары қатысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Әскери колледж тәрбиеленушілерін Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев құттықтады.

Ол өз сөзінде курсанттардың туыстарына:

Балаларыңыздың бойына кішкентай күнінен патриотизмді сіңіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге ризамыз. Сіздер ұлдарыңыз, бауырларыңыз Қарулы күштер қатарында елге қызмет ететінін және оның тұтастығын қорғайтынын мақтан тұтуларыңыз керек, – деді.

Әскери ант беру рәсімі аяқталған соң оқу орнының басшылығы экскурсия ұйымдастырды. Онда қонақтар колледж мұражайында болып, казарма, оқу аудиториясы және асханамен танысты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Кеше, 10:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31