Елімізде әскери кафедралардың студенттеріне арналған оқу-жаттығу жиындары өтті

Оқу бағдарламасы толық орындалды

1 маусым мен 22 тамыз аралығында «Алматы» әскери қатынастар басқармасының базасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті», Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және Халық шаруашылығы университеті жанындағы әскери кафедралардың студенттері үшін «әскери қатынас» мамандығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жиынға тіркелген жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың медициналық комиссиясынан жарамды болған, академиялық берешегі жоқ 68 студент жіберілді. Жиынға қатысушыларға нұсқаулық өткізіліп, көлік нысандарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жеткізілді.

Сабақты «Алматы» әскери қатынастар басқармасының, Алматы қаласы халықаралық әуежайы әскери қатынастар комендатурасының офицерлері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, Алматы халықаралық әуежайының, ҰҚК-нің, желілік ішкі істер бөлімі және көлік логистикасының басқа да қосалқы қызметтерінің өкілдері өткізді.

Сабақ барысында өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының жолдан шығып кетуі, теміржол құрамының апатқа ұшырауы және теміржол жолдарының қирауы кезіндегі жұмыс жүргізу тәртібі зерделенді. Бұдан бөлек локомотив және вагон шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері қарастырлды.

Әскери кафедралардың студенттері 1 Алматы станциясындағы технологиялық процестерді, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, тасымалдауды ұйымдастыруды, теміржол көлігінде әскери жолаушылар мен жүкті ресімдеу тәртібін зерделеді.

Олар Қорғаныс министрлігінің уәкілетті тұлғаларының «Қазақстан теміржолы «ҰК» АҚ және Алматы халықаралық әуежайының өкілдерімен әскери көліктер мен эшелондардан автомобиль техникасын, танктер мен оқ-дәрілерді тиеу және түсіру кезіндегі өзара іс-қимыл процесімен танысты.

Оқу бағдарламасы толық орындалды. Қызметтік, еңбек тәртібін бұзу мен жарақат алу жағдайларына жол берілген жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02