Келісімшарттық қызметке кімдер үміткер бола алады
Елімізде әскери қызметке келісімшарт бойынша қалу сұранысқа ие. Бұл ең алдымен еліміздің қорғанысын нығайтуға қосылатын ерікті үлес болса, екінші жағынан – жұмыспен қамту. Sarbaz.kz тілшісі Қарулы Күштердің қатарына түсуге ниет білдірген азаматтардың назарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданудың жалпы ережелерін ұсынады.
Келісімшарттық қызметке әр адам үміткер бола алмайды
Сіз ерікті түрде әскери қызметке үміткер ретінде мынадай шарттарға сәйкес болуыңыз қажет:
Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз керек; жасыңыз 19-дан төмен емес (әскери орындардың курсанттарына қатысты емес) және әскери атағына байланысты әскери қызмет жағдайында шекті жасынан төмен 5 жас үлкен емес болса; сізде әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандық болса; сіз мерзімді әскери қызметтен өткен болсаңыз немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқыған болсаңыз, я болмаса әйелдерді қоспағанда, әскери-оқыту қорын дайындау бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болсаңыз.Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
Егер сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниетті болсаңыз, сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті әскери басқау органдарына өтініш білдіру қажет.
келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау; медициналық куәландырудан өту; дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау; кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау; психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.Егер сіз қазіргі уақытта шақыру бойынша міндетті әскери қызметтен өтіп жатқан болсаңыз
Егер шақыру бойынша міндетті әскери қызметтен өтіп жатқан болсаңыз, сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре аласыз.
Ол үшін екі кезеңнен өтуіңіз қажет:
Әскери бөлім командиріне немесе қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеменің басшысына баянат беруіңіз қажет.Әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) сіздің баянатыңызды қарап, 10 жұмыс күн ішінде шешім қабылдайды.
Мыналардан өту қажет: медициналық куәландыру; кәсіби және психологиялық іріктеу; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен арнайы тексеру; психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер; кандидаттың білім, кәсіби және дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін тексеру туралы; әскери бөлім әскери қызметшінің кандидатурасын іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.Келісімшарт бойынша қызмет мерзімі
Келісімшарт бойынша қызметтің келесідей мерзімдері болады:
3 жылға; 5 жылға; әскери қызметте шекті жасқа жеткенге дейін 10 жылға немесе әскери оқу орнында оқу мерзіміне.Бірінші келісімшарт үш жылға жасалады және осы мерзім өткеннен кейін сіздің қалауыңыз бойынша жоғарыда аталған мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кім қабылданбайды?
Қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалар; әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар тұлғалар; Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шектеулерден бас тартқан тұлғалар; бұрын сотталған және ақтап шығу негізінсіз қылмыстық жауапкершіліктен босағандар, я болмаса өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған тұлғалар; әскери қызметке қабылданар алдында 2 жыл ішінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар; әскери қызметке қабылданар алдында 3 жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза жүктелген тұлғалар.Ұлас Үсенбай