Аягөз гарнизонында роталық тактикалық топтардың жаттығуы басталды

Бірлескен жаттығулар үш кезеңнен тұрады

Админ

Аягөз гарнизонының танк құрамасындағы сабақтар жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Майлин» әскери оқу-жаттығу полигонында өткізіледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқытудың негізгі мақсаты – командирлер мен жеке құрамның кәсіби шеберлігін, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік тапсырманы орындау кезеңдеріндегі үйлесімділігін арттыру.

Бірлескен жаттығулар үш кезеңнен тұрады. Алдымен бөлімшелер дабылмен көтеріледі. Содан соң жеке құрам қойылған міндеттерді орындауға дайындалады. Соңғы кезеңде бөлімшелер мен экипаждар заңсыз қарулы құралымдарды жою операцияларына қатысады.

Үш сатылы жаттығу командирлердің біріккен топтарды басқару кезіндегі шеберлігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте бөлімшелер роталық тактикалық топтың құрамында жұмыс істеуді үйренетінін айта кету керек.

Роталық тактикалық топтардың құрамы қойылған міндеттерге байланысты қалыптасады. Мотоатқыштар мен танк роталарына басқа жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері берілуі мүмкін. Олар бірлесе марш жасай отырып, қорғаныс әдістерін, шабуылдарды және басқа да іс-қимылдарды пысықтайды, – деп түсіндірді бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Сағи Батырханов.

Сабақ барысында білім алушылар ротаның тірек пунктінің инженерлік жабдығы, РХБ-қорғау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерді қосымша орындайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Бүгін, 10:20
Админ
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

Кеше, 16:18
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54