Айтулы күн: 18 тамыз – Шекарашылар күні

Жарлыққа 1992 жылдың 18 тамызында қол қойылып, айтулы күн мерекелер күнтізбесіне 2012 жылдың 29 тамызында енгізілді

Нұрдәулет Кәкіш

«Шекара әскерлерін құру туралы» Президент Жарлығына 1992 жылдың 18 тамызында қол қойылды. Ал айтулы күн Қазақстанның мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне 2012 жылдың 29 тамызында енгізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Мемлекеттік шекараны қорғап, күзететін шекарашылар ондағы кез келген күмәнді оқиғаны қалт жібермей, шекара режимін бақылайды. Олардың міндеттеріне адамдарды мемлекеттік шекара арқылы өткізу, өткізу бекеттеріндегі тәртіпті бақылау, шекара шебіндегі мекемелерді қорғау, мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету сияқты істер кіреді.

«Шекара қауіпсіздігі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Оны елдің саяси және экономикалық мүдделерін мұқият қорғайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамдас бөлігі – Шекара қызметі іске асырады. Бүгінгі шекарашылар трансшекаралық қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзуға сенімді тосқауыл қоя отырып, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғап келеді», - деп жазылған ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Мемлекеттік шекараны қорғау шаралары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдардың өз құзыреті шегінде қабылдаған саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шешімдері аясында іске асырылады. Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген сарбаздардың қырағы болып, жауапты қызмет атқаруы – бүкіл елдегі тыныштықтың кепілі.

Айта кетсек, Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы – 13 394 км, теңізбен (Каспий) 2000 шақырымнан асады. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен – 426 км, Өзбекстанмен – 2354 км және Қырғызстанмен – 1241 км шектеседі.

Республиканың шекарасы батысында Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22