Қауіптің бетін тойтару: Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің дайындығы қандай?

Биыл еліміздің Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толды

Биыл еліміздің Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына - 30 жыл. Атаулы датаға орай Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері, сарбаздары, сол сияқты тұңғыш қазақ ғарышкері, ұшқыш, ҚР Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бастаған топ «Орал» зымыран-артиллериялық кемесімен Каспий теңізінің үстін шолып шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Кеме үстінде жиылған жұртқа Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті, өткені мен бүгіні таныстырылды.

«Қарулы Күштеріміздің 30 жылдығын атап өттік. Бүгін міне Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтіп жатырмыз. Осы уақыттың ішінде халқымыздың арқасында ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеттік. Қазіргі уақытта 10-нан астам үлкен, мықты Рак кемеміз бар. Оның бәрі ХХІ ғасырға сәйкес жасалған. Сол сияқты теңізшілерге де барлық жағдай жасалған. Қазақстан Каспий өңірі елдері арасында әскери-теңіз күштері бойынша көбінен басым түсеміз. Қазақстанның Әскери-теңіз күштері елімізді толық қорғауға қабілетті. Оны мақтанышпен айтуға болады», - дейді ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов.

Өз кезегінде аға лейтенант, Әскери-теңіз күштерінің офицері Мағжан Жолды Әскери-теңіз күштерінің ерекшелігі туралы сөз қозғап өтті.

«Әскери-теңіз күштері өте ерекше әскери типтердің бірі болып саналады. Оның ерекшелігі - Каспий теңізі акваториясында мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзететін әрі қауіп төнгенде жағдайды тұрақтандырып, қауіпті тойтару мақсатында құрылған. 

Әскери-теңіз күштерінің қатарындағы жас буын ретінде үлкен жауапкершілікті сезінемін. Осыған дейінгі Әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет еткен ардагерлердің жолымен жүріп келеміз. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің дамуына өз үлесімізді молынан қосамыз деп үлкен сеніммен айта аламын», - дейді аға лейтенант Мағжан Жолды.

Сөзін жалғай отырып, алдағы жоспары жайлы да қозғап өтті.

«Бұл Әскери-теңіз күштерінің тағы бір ерекшелігі - сарбаздардың ерекше ауызбіршілігінде. Су бетінде жүргендіктен қазақ халқы «кемедегінің жаны бір» дейді, сол себепті біз бір отбасы болып саналамыз. Бәріміз кез келген істі жұмыла атқарамыз және берілген тапсырмаларды бір үйдің баласындай орындаймыз. Алдағы уақытта осы салада аянбай қызмет етіп, Әскери-теңіз күштерінің дамуына өз үлесімді қоссам деген ниетім бар», - деп аға лейтенант, Әскери-теңіз күштерінің офицері Мағжан Жолды сөзін аяқтады.

Айта кетейік, бүгін айтулы күнге орай Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері, сарбаздары, сол сияқты тұңғыш қазақ ғарышкері, ұшқыш, ҚР Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22