Әлем елдерінде әйелдер әскери борышын қалай өтейді?

Швеция – Норвегиядан кейінгі жынысына қарамастан міндетті әскери шақыруды белгілеген екінші еуропалық ел

Ұлас Үсенбай

Әлемде қыздарды қарулы күштер қатарына шақыру тәжірибесі кеңінен тараған елдер жетерлік. Sarbaz.kz тілшісі осы елдерді мысалға ала отырып, олардың әскерінде қанша әйел заты қызмет ететінін және қандай лауазымдарда қызмет ететіні туралы ақпаратты ұсынады.

Ресей

Ресейде 18 жастан бастап ер адамдар ғана міндетті түрде әскерге шақырылады. Әйелдер әскери қызметшілер алмастыра алатын бос лауазымдар болған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдануы мүмкін. Әйелдер үшін әскерде мынадай салалар қолжетімді: байланыс (радио операторы, байланыс монтажшысы, байланыс операторы), медицина (дезинфекциялаушы, рентгеномеханик, медбике, фельдшер), полиграфия (гравер, жабдықты реттеуші), есептеу техникасы (компьютер операторы).

2021 жылдың наурызында Ресей Қарулы Күштерінде 300 000-нан астам әйел қызмет етті, олардың шамамен 270 000-ы азаматтық қызметкерлер және 40 000-ы тікелей әскери қызметкерлер. 2020 жылы 30 000-нан астам әйел келісімшарт бойынша сарбаз, сержант болып, 7000-ға жуығы прапорщиктер мен мичмандар ретінде қызмет етті.

Норвегия

Норвегия өзінің Қарулы Күштеріндегі әйелдердің жағдайын мақтан тұтады. БҰҰ армиясындағы алғашқы әскери қолбасшы және әуе күштерінің алғашқы әйел басшысы да Норвегия азаматтары. Теңдік тек құқықтарға ғана емес, міндеттерге де қатысты. 19 жастан 45 жасқа дейінгі  ер азаматтар мен әйелдер де әскерге шақырылады. Қызметке 60 000-ға жуық үміткердің ішінен жыл сайын 8000-ы іріктеледі. Норвегия 2017 жылдың 8 наурызында Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (OSCE) жіберген құжатта әйелдер шақыруы елде гендерлік теңдікті көрсету үшін енгізілмегені және әскерге шақырылушылар қатаң критерийлер бойынша таңдалғаны көрсетілген. 2002 жылы әскерге шақырылушылар арасында әйелдер 3,2%, 2016 жылдың тамызында 26%, 2020 жылы 33% болды. 

Швеция

Швеция – Норвегиядан кейінгі жынысына қарамастан міндетті әскери шақыруды белгілеген екінші еуропалық ел. Бұл заң 2010 жылы күшін жойып, жеті жылдан кейін қайтарылған. Норвегия секілді Швецияда да ықтимал әскерге шақырылушыларды іріктеудің маңызды тәртібі бар. Олардың қызмет ету мерзімі – 7 айдан 15 айға дейін. 2019 жылғы мәліметтерге сәйкес, әйелдер әскери қызметшілердің шамамен 17% құрады.

Финляндия

Фин әйелдеріне 1995 жылы әскерде қызмет етуге рұқсат етілді. Ер адам 18 жастан бастап әскери борышын өтеуге міндетті болса, әйелдер 18 жастан 29 жасқа дейін қызмет ете алады. Бірақ барлығын бірдей ала бермейді. Арнайы сауалнаманы толтырып, медициналық комиссиядан өту керек. 2018 жылы 1500 әйел қызмет етуге ниет білдірген. Нәзік жандылардың Финляндия армиясындағы үлесі шамамен 2,5%-ды құрайды. Алайда бұл елдегі әскери әйелдердің шамамен 70%-ы офицерлік дайындықтан өтеді.

Үндістан

1992 жылдан бастап Үндістан әйелдері армияда, оның ішінде офицерлік шендерде қызмет ету құқығына ие. Алайда бүгінде Үндістанның 1,4 миллион әскерінде тек 0,56% әйел заты бар. Олардың көпшілігі әуе күштері мен флотта қызмет етеді. Үндістанда ерлер мен әйелдердің келісімшарттары әртүрлі. 

Израиль

Израильде 18 жасқа толған және 28 жастан аспаған барлық азамат міндетті түрде әскери қызмет атқарады. Әйелдер екі жыл, ерлер үш жыл қызмет етеді. Некеге тұру, жүктілік, балалы болу немесе діни себептер бойынша әйелдер шақырудан босатылуы мүмкін.

Әйелдер байланыс қызметімен, электрондық аппаратураға қызмет көрсетумен, парашют құрастырумен, нұсқаушылық, кеңсе және әкімшілік лауазымдармен айналысады. Олар барлық әскер қатарында қызмет етеді және көптеген әйелдер (көбінесе қосымша мерзімді қызметте) офицерлік шендерге және жауапты лауазымдарға ие. Израильдің 160 000 әскерінің 35%-ы – нәзік жандылар.

Германия

Германия әйелдерге әскери позицияларда қызмет етуге рұқсат берген еуропалық елдердің арасында соңғысы болды, бұл 2001 жылы қабылданды. Ал осы уақытқа дейін әйелдер негізінен дәрігерлік және әскери оркестрлерде жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап неміс армиясы ерлерді міндетті түрде шақырудан келісімшарт жүйесіне көшіп, санын қысқартты. Бірнеше жылдан кейін Ангела Меркель әскерге шақыруды қайтару туралы талқылауды қайта көтерді. Ал кейбір заң шығарушылар әйелдер үшін бір жылдық әскери қызметті енгізуді ұсынды. Идеяны көпшілік құптамады. Бірақ жыл өткен сайын әскер қатарында әйелдер саны артып келеді. 2022 жылғы мәлімет бойынша неміс армиясында 23000-нан астам әйел адам қызмет етеді.

АҚШ

АҚШ-та әйелдерге 2014 жылдан бастап кез келген әскери салада қызмет етуге рұқсат етілген. Олар орташа есеппен қарулы күштердің 16%-ын құрайды (әуе күштерінде 8%-дан 19%-ға дейін). Бірақ командалық лауазымдарға тек 6% жетеді. Қалай болғанда да, бұл армиядағы әйелдердің рекордтық саны.

Бір қызығы, 1975 жылы әйелдер тіпті АҚШ-тың ең әйгілі әскери академиясына West Point түсе алмаған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әйелдер әскерде әкімшілік лауазымдарды атқара бастады.

Мексика

Мексикада 18-40 жас аралығындағы ер адамдар міндетті түрде шақырылады. Әйелдер ерікті түрде әскерде қызмет ете алады. Әскери оқыту үшін оларға әскери мектептер, әскери медициналық мектептер, қызмет көрсету және жабдықтау мектептері, сондай-ақ әскери-әуе күштері мамандарына арналған мектептер бар. Оған 2019 жылы алғашқы әйелдер қабылдауы өтті. Ресми түрде әйелдер команданың барлық деңгейіне, оның ішінде Құрлық әскерлері мен әуе күштерінің жоғары қолбасшылық органдарында жұмыс істей алады. 2021 жылы Мексика армиясында 189 000 ер адам және 25 000 әйел адам болды.

Оңтүстік Африка Республикасы

Оңтүстік Африка Республикасының Қорғаныс министрлігі 2020 жылы қарулы күштер мен бітімгершілік топтардағы әйелдердің жалпы саны 31%-ға жеткендігі туралы деректерді жариялаған болатын. Бұл елдің армиясындағы әйелдер 1970 жылдан бастап жауынгерлік емес лауазымдарды атқара алды. Оларды жауынгерлік қызметке тағайындау мүмкіндігі туралы мәселе қазір белсенді талқылануда. Генерал атағындағы алғашқы әйел 1996 жылы Оңтүстік Африкада болған.

2021 жылы Оңтүстік Африка билігі БҰҰ-ның әйелдерді қорғауды қамтамасыз ету туралы қарарын қабылдады. Министрлік зерттеу жүргізіп, Оңтүстік Африка Қарулы Күштеріндегі жыныстық қудалау мен кемсітушілік жағдайларын сипаттайтын есеп дайындады. Содан әскерилер бұл мәселелерді жоюға басымдық беруге уәде береді.

Аустралия

Бұл мемлекетте 1899 жылы Жаңа Оңтүстік Уэльсте алғашқы аустралиялық армияның медбикелік қызметі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін олар сонда ғана қызмет ете алатын. 1940 жылы Аустралия әйелдерінің ұлттық қызметі немесе WANS құрылды. Оқу-жаттығуға әуе шабуылы және алғашқы әскери жаттығулар, алғашқы медициналық көмек, мылтық ату, сигнал беру және механика кіреді.

2011 жылдың қыркүйегінен бастап әйелдер Аустралияның қарулы күштеріндегі кез келген лауазымға, оның ішінде жауынгерлік қызметке өтініш бере алады. Сидней университетінің мәліметі бойынша, әйелдер ел армиясының 14 пайызын құрайды. Аустралияда міндетті әскерге шақыру 1973 жылы жойылды. Бірақ соған қарамастан әскерге баруды қалайтындар саны жеткілікті, олардың ішінде әйелдердің де саны басым.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22