Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктіктеріндегі дербес миссияға кірісті

Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның бітімгерлік контингентіне ұйымның туын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті

Админ

БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында Голан биіктігінде орналасқан Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның бітімгерлік контингентіне ұйымның туын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясының басшысы генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

Миссия қолбасшысының резерві болу үлкен мәртебе, – деп атап өтті генерал-лейтенант Курмал Нирмал қазақстандық әскери қызметшілерге арнаған сөзінде. – Сіздерге кәсіби біліктілік пен тиісті құзыреттілікті талап ететін ең жауапты міндет жүктеліп отыр. Қазақстандық бөлімше де Ирландияның бітімгерлік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде орындайтынына сенімдімін.

Ирландиялық бөлімшенің басшысы подполковник Оливер Клиар БҰҰ Туын Қазақстан ұлттық контингентінің командирі подполковник Жігер Аиповқа салтанатты жағдайда тапсырды.

БҰҰ туын тапсырған сәттен бастап біздің бөлімше Голан биіктіктеріндегі миссияның толыққанды қатысушысы болды. Енді біз тапсырма бойынша жүктелген міндеттерді орындауға кірісеміз, – деп түсіндірді подполковник Жігер Аипов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгерлік контингент жергілікті жерді патрульдеумен, блокпосттарды күшейтумен және қарсылас тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысып, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайтын болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02