Орталық Африкаға аттанатын қазақстандық бітімгершілер құрамы жаңарады

Өткен жылдың жазында екі әскери қызметші Орталық Африка Республикасына жіберілген

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің Орталық Африка Республикасындағы (ОАР) Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысу аясында офицерлердің алғашқы ротациясы өткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылы Парламент ел Қарулы күштерінің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу ауқымын кеңейту туралы шешім қабылдаған болатын. Өткен жылдың жазында екі әскери қызметші Орталық Африка Республикасына жіберілді.

«Олар 12 ай бойы БҰҰ-ның ОАР-дағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында штаб офицерлері ретінде қызмет етті. 

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ бітімгерлік мандатын іске асыру мақсатында елдегі ішкі жағдай туралы ақпаратты өңдеу және талдау жөніндегі міндеттерді орындады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өз үлестерін қосты. 

Оларды ауыстырған офицерлер миссияның нұсқауларына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады», - делінген министрлік хабарламасында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19