Бүгін – Инженерлік әскерлер күні

30 жылдан астам уақыт ішінде Қарулы күштерде инженерлік әскерлерді басқару органдарының жүйесі қалыптасты

Админ

Инженерлік әскерлер 1993 жылы 21 қаңтарда Қазақстан аумағында орналасқан құрамалар мен бөлімдер негізінде құрылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қарулы күштерде инженерлік әскерлерді басқару органдарының жүйесі қалыптасты. Мамандардың кәсіби деңгейі өсіп, олардың техникалық жабдықталуы түбегейлі өзгеріске түсті. Өткен жылдан бастап инженерлік-саперлік әскерлерде мина-кинологиялық қызмет пайда болды.

Әскери бөлімшелер қашықтықтан басқарылатын робот-саперлермен, мина-жарылыс тосқауылдарын ұйымдастыруға және инженерлік барлау жүргізуге арналған техникалармен, жер қазу машиналарымен, су өндіруге арналған бұрғылау қондырғыларымен толықты.

Инженерлік әскерлердің әскери қызметшілері бітімгерлік миссияларға қатысуды алғашқылардың бірі болып бастады. 2003-2008 жылдары «Қазбат» бітімгерлік батальонының инженерлік-саперлік бөлімшесі Ирактағы коалицияның тұрақтандыру күштерінің құрамында болды. Әскери инженерлер жарылмай қалған оқ-дәрілерді іздестіріп, оларды жою, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету пунктерін жабдықтау, суды тазарту секілді маңызды тапсырмаларды абыроймен орындап шықты.

Олар әртүрлі жоспарлы сабақтар мен оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізу кезінде жауапты міндеттерді атқарады. Әскери инженерлер бекіністер тұрғызып, понтондық көпірлер орнатады. Әскерлер үшін қозғалыс бағыттарын дайындап, оларды бүркемелеумен және сумен жабдықтаумен айналысады.

Инженерлік әскерлердің тактикалық буындағы офицерлерін дайындау армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының жауынгерлік қамтамасыз ету кафедрасында жүзеге асырылады. Жедел-тактикалық буын офицерлері жоғары білімді Ұлттық қорғаныс университетінде алады. Кіші буын мамандарын ҚР Қарулы күштерінің Минасыздандыру орталығы мен еліміздің әскери-техникалық мектептерінде дайындайды. Бұдан өзге еліміздегі үш мемлекеттік университеттің жанындағы әскери кафедралар жыл сайын запастағы офицерлерді жұмылдыру резервіне дайындап шығарады.

Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен өткен «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығуында әскери инженерлер Іле өзені арқылы өтетін көпір өткелін бағыттауды ұйымдастырып, өздерінің жоғары кәсіби даярлық деңгейін көрсетті.

Сапер жауынгерлер аумақты жарылғыш заттардан тазарту міндеттерін орындайды. Төтенше жағдайлар кезінде инженерлік әскерлердің жеке құрамы ел тұрғындарына алғашқылардың бірі болып көмекке келеді.

Әскери қызметшілер көпірлер мен гидротехникалық құрылыстарды мұз бен су тасқынынан қорғап, селді оқшаулаумен айналысады. Табиғи өрттерді ауыздықтау мен адамдарды қар құрсауынан эвакуациялауға қатысады.

Білікті мамандармен жасақталған, заманауи әскери техникамен жабдықталған инженерлік әскерлердің бөлімшелері еліміздің қорғаныс қабілетін және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді орындауға әрқашан дайын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздар ант қабылдады

Кеше, 11:26
  • Басты назарда

ТӘУЕЛСІЗДІК және ЕЛ АРМИЯСЫ

16/12/2024 - 14:24
  • Басты назарда

Бірінші рет атыс қаруынан атты

15/12/2024 - 15:10
  • Басты назарда

АЛҒАШҚЫ АТЫС СЫНАҒЫ

15/12/2024 - 10:09
  • Басты назарда

Тапсырма сәтті орындалды

14/12/2024 - 16:07
  • Басты назарда

Жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді

14/12/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Жат ағымның алдын алуға арналды

12/12/2024 - 15:00
  • Басты назарда

Мемлекеттік-құқықтық дайындық

12/12/2024 - 10:59
  • Басты назарда

Кешенді практикалық оқу-жаттығу

11/12/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қоштасу рәсімі

11/12/2024 - 13:04
  • Басты назарда

Талаптарды сақтау бойынша сабақ

11/12/2024 - 10:55
  • Басты назарда

«Жас сарбаз» атанды

10/12/2024 - 10:42
  • Басты назарда

Қарулы Күштердің қатарына қосылды

09/12/2024 - 15:40
  • Басты назарда

Әскердің тыныс-тіршілігімен танысты

09/12/2024 - 15:12