Қарулы күштердің танкистері жауынгерлік шеберліктерін арттыруда

Бұл шараға танкистер ұзақ уақыт және едәуір дайындалды

Админ

Аягөз гарнизонындағы танк бригадасының әскери қызметшілері «Майлин» жалпыәскери полигонында танк қару-жарағынан штаттық снарядпен бақылау атыс жаттығуларын орындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл шараға танкистер ұзақ уақыт және едәуір дайындалды. Жаттығулар алдында теориялық және практикалық, атап айтсақ, атыс қалашығындағы бірнеше сағаттық сабақтар, танк алаңында көлік жүргізу және бақылау атыстарын орындау дайындықтары болды.

Жаттығуды орындау шарттары бойынша әскери қызметшілер 1500-ден 1700 метрге дейінгі шекаралардағы танк нысандарын, одан бөлек 600-ден 900 метрге дейінгі қашықтықтағы оқшашар нысандарын жою қажет болды. Атыс аяқталғаннан кейін машиналар бастапқы орындарына оралды. Танктердің жеке құрамы сап түзеді, ал командир экипаждардың жұмысын бағалады. Сонымен қатар атыс күндізгі уақытта ғана емес, түнде де жүргізілді.

Танк қару-жарағынан штаттық снарядпен ату – танкистердің жауынгерлік дайындығының негізгі элементі. Сондықтан штаттық снарядпен ату жылына екі рет, ал оған дайындық тұрақты түрде жүргізіледі.

Барлық экипаждар бұл жаттығуды сенімді түрде орындады. Нәтижесінде бөлімше «жақсы» деген баға алды. Атыс жаттығуының сәтті өтуі көбінесе техниканы дайындауға байланысты. Танкистер бұл тапсырманы жақсы орындады. Атыс барысында пайда болған кемшіліктерді экипаж күштері, сондай-ақ жөндеу бөлімшелерінің әскери қызметшілері мен техник мамандары сәтті жойып отырды, – деді бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Сағи Батырханов.

Атыс нәтижелері бойынша жаттығуды «өте жақсы» орындаған әскери қызметшілерді бригада басшылығы көтермеледі. Үздіктер қатарында танк командирі сержант Нұрым Құмарбек, механик-жүргізуші сержант Нұрсұлтан Құндақбаев және мерзімді қызметтегі әскери қызметші жауынгерлік көліктің көздеуші-операторы қатардағы жауынгер Мақсат Құрал бар.

Мен танктің штаттық снарядынан үшінші рет атып тұрмын, сондықтан жаттығуды орындар алдында ешқандай толқу болған жоқ. Бәрі ойдағыдай болып, үздіктер қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Осындай сәттер қызмет аяқталғаннан кейін де есте қалып, айтылары анық, – деді қатардағы жауынгер Мақсат Құрал.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22