Әскери қызметшілер ерекше челлендж өткізіп жатыр

Елордадағы әскери бөлімнің жауынгерлері даңқты батырларды еске алуға арналған челлендж өткізді

Админ

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлеріне қарасты 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскері бастаған «Тәні саудың – жаны сау» челленджін жалғастырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер бұл шараны Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орайластырды.

Биылғы жыл Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың ғасырлық мерейтойы. Сондықтан Ақтаудағы теңіз жаяу әскері бастаған челленджді қазақтың даңқты батырларына арнадық. Әскери қызметшілер бұл жорықта толық жауынгерлік жабдықпен жүгірді. Әр жауынгердің жарағы шамамен 20 келідей. Бұл тапсырманы күрделендіре түскенмен, олар алға қойған мақсатты абыроймен орындады, – деді 68665 әскери бөлімінің командирі подполковник Абай Әлібеков.

Әскери қызметшілер легін бригада командирі мен орынбасарлары бастады. 24 шақырым қашықтыққа жүгіру әскери бөлім аумағында өтті. Роталардың бірі шаңғымен жүгірді. Шараға барлығы 500-ге жуық әскери қызметші қатысты. 

Күнделікті жаттығулар қашықтықты еңсеруге көмектесті. Взвод құрамында жүгірдік, бұл бізге жұмыла мәреге жетуге күш берді. Қашықтықты еңсеріп, межелі жерге жеткенде шаршағанымызды да ұмыттық, – деді 2023 жылдың қазан айында Алматы қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Бөріхан Мәліков.

Елордалық 68665 әскери бөлімінің әскерилері аталған челленджді Тараз гарнизонының механикаландырылған бригадасына жолдады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19