Дархан Ахмедиев: Автоматты түрде әскери есепке қою арқылы 1 млрд теңге үнемделеді

Бұл жоба келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады

Ұлас Үсенбай

17 жасқа толған балаларды әскери есепке қоюды автоматтандыру нәтижесінде жыл сайын 1 млрд теңге үнемделеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«17 жасқа толғандарды жергілікті комиссариаттарға тіркеу процесін келер жылдан бастап проактивті түрге ауыстырып жатырмыз. Өздеріңізге мәлім, 17 жасқа болған балаларды военкаматқа тіркеуді ұйымдастырушылар медициналық тексерістен өту үшін автобустарға отырғызып апаратын. Олар бірнеше анықтама жинайды. Ол 10-нан астам құжаттың көшірмесі. Бұл біраз уақыт алатын процес. Оған азаматтардан бөлек, мектеп мұғалімдері мен ұйымдастырушылардың да уақыты кетеді.

Енді оны автоматты түрге ауыстырсақ, керек емес процестерден арыламыз және жыл сайын мемлекет бюджетінің 1 млрд теңгеден астам қаражатын үнемдейміз. Бұл жоба келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. 17 жасқа толған, әскери міндетін өтеуі тиіс азаматтар автоматты түрде есепке қойылады», - деді Дархан Ахмедиев.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02