Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Ол жапон милитаристерімен де қақтығысқа қатысқан

Ұлас Үсенбай

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жетісу ауданының басқарма өкілдері 26 шілде күні Илья Григорьевич Кудинді туған күнімен құттықтап барды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Илья Кудин 1927 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Майданға 1944 жылдың соңында Талдықорған облысынан аттанады. Соғыста артиллерия әскерінде болған.

Германия соғыста жеңілген соң қызыл әскер жауынгері Қиыр Шығысқа жіберіледі. Онда жапон милитаристерімен қақтығысқа қатысады. Сондықтан Илья Григорьевич әскерге алынғаннан соң 7 жылдан кейін ғана елге оралады.

Зейнеткерлікке шыққанға дейін бейбіт уақытта механизатор болып жұмыс істейді. III дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Илья Григорьевичтің атасын мақтан ететін сегіз немересі және шөберелері бар.

Ардагермен әңгіме барысында әскери қызметшілер оның беріктігі мен жомарттығына таң қалды. Әскерилер қарияға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Өз кезегінде Илья Григорьевич те келушілерге қарттарға назар аударып, сұрапыл соғыс кезінде қатыгез жаудан аянбай жанын берген жауынгерлерді есте сақтағаны үшін алғыс айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02