Әскери дәрігерлер шалғайдағы гарнизонның 700-ден аса әскери қызметшісін тексеруден өткізіп жатыр

Аталған шара Талдықорған қаласы Әскери госпиталінің жылжымалы далалық кешенінде өткізілуде

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскери дәрігерлердің біріккен жасағы жеке құрамға медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған шараларды іске асырып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаркент гарнизонында жұмыс істеп жатқан біріккен жасақ Талдықорған, Алматы, Семей, Аягөз әскери госпитальдарының және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бейінді мамандарын бір жерге жинады.

Аталған шара Талдықорған қаласы Әскери госпиталінің жылжымалы далалық кешенінде өткізілуде. Онда зертханалық, рентгендік, ультрадыбыстық және эндоскопиялық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге арналған клиникалық және диагностикалық модульдер бар. Заманауи жабдықтар байқалмайтын ауруларды анықтауға және уақтылы тиімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл біріккен жасақ құрамында барлық санаттағы әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмек көрсететін психолог маман жұмыс істейді. Әскери ортаға бейімделуде қиындықтары бар мерзімді қызметтегі сарбаздарға да ерекше назар аударылады. Психолог жеке, топтық жұмыс әдістерін қолданып, әскери ұжымды біріктіруге және коммуникативтік дағдыларды арттыруға бағытталған дамыту және түзету сабақтарын жүргізеді.

Медициналық тексеруге шамамен 700-ге жуық адамды қаралды. Әскери қызметшілер қызметтік міндеттерін орындаудан қол үзбей қажетті мамандандырылған медициналық көмек алуда. Мұндай шаралар 31 шілдеге дейін жалғасатын болады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30